«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Іскерлік байланыс» оқуы енді Павлодарда да өтеді

2018 жылғы 09 Ақпан
- Павлодар облысы
5208 просмотров

Бизнестің табыстылығын анықтайтын факторлардың бірі  өзара қимыл шекарасын әрдайым дамыту және кеңейту

Мұнда «Бизнестің жол картасы ­– 2020» кәсіпкерліктің қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Іскерлік байланыс» құралы жақсы қолдау көрсетеді.

Бұл қандай құрал екенін, оны кім пайдалана алатыны туралы ақпаратты Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің сарапшысы Асылбек Әріпов берді.

­«Іскерлік байланыс» құралы 2011 жылдан бері «Бизнестің жол картасы ­– 2020» кәсіпкерліктің қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Мұндағы мақсат – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету. Қатысушыларға шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату, ұқсас бизнесті жүргізу тәжірибесін шетелден алу, тиісінше алған білімін өз өндірісіне енгізу мүмкіндігі беріледі», – деп түсіндірді Асылбек Әріпов­.

Палата өкілінің айтуынша, «Іскерлік байланыс» қатысушысы болған кәсіпкер тәжірибесін шыңдайды. Тәжірибе алмасу дәстүрі бұрын да болған, енді қайта жанданып келеді. Кәсіпкерлер шетелде тағылымдамадан өте отырып, бизнес жүргізуді, өндірістік процестерді құруды үйренеді, сол әдісті өндірісте қолданады. Бизнесмендер шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатады.

«Экономиканың әлеуетті секторында қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буынының басшылары қатыса алады. «Іскерлік байланыс» құралы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асады, кәсіпкерлер үш апта тегін бизнес-тренингтен өтіп, біліктілік арттырады, кәсіпкерлікті жүргізу, маркетинг, бизнес-серіктестермен іскерлік байланыс орнату тәсілдерін меңгереді», ­– деп тарқатты спикер.

«Іскерлік байланыс» құралының қатысушылары оқу барысында шетелдік және отандық бизнес-тренерлерлің жетекшілігімен өз өнеркәсібінің бизнес-жоспарын дайындайды, одан кейін екінші кезеңнің іріктеу байқауына қатысады. Биылға дейін бірінші кезеңнен өту үшін кәсіпкерлер Астана қаласына барып оқитын еді. Асылбек Әріпов биылдан бастап қатысушылардың ыңғайлылығы үшін оқу Павлодарда өтетінін хабарлады.

«Екінші кезеңде кәсіпкерлерді шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өту қарастырылған. Шет елдегі кәсіпорында өтеді, онда іскерлік байланыс орнатылып, технология трансферті және жабдық сатып алу, тауар, жұмыс, қызметті жеткізу, франшиза мен лицензия алу, халықаралық шетелдік ұйымдардың грантын алу, бірлескен кәсіпорындар ашу тақырыптарын қамтиды», – деді Асылбек Әріпов.

Тағылымдамаға іріктеуді Қазақстан­–Германия бірлескен комиссиясы жүзеге асырады, тағылымдамадан өтуге қатысушылар арнайы әңгімелесуден өтеді, жобалық тапсырманы бағалайды және байқау құжаттарын талдайды.

Жобаға қызығушылық танытып отырған бизнесмендер қатары біршама. 2017 жылы бірінші кезеңнен Павлодардағы 18 кәсіпкер өтті. Осы өңірдің 6 кәсіпкері Германияның кәсіпорнына тағылымдамағы барды.

«Шетелдік тағылымдамадан өтуге үміткерлердің мақсаты айқын, әлеуетті серіктестер мен жеткізушілер туралы нақты ақпараты болу керек. Мұнымен қоса, келіссөз жүргізу, келісімшарт жасау әлеуетін, сондай-ақ «Іскерлік байланыс» құралының бірінші кезеңінен немесе «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрауышынан өткен сертификаты болу керек. Қазақстаннан шетелге бару және қайта келу шығынын кәсіпкер көтермейді. Ұшу мен тұратын орынды мемлекет төлейді. Ал Қазақстанның ішінде ұшып кететін орынға дейін кәсіпкер өзі жетеді», – деді Асылбек Әріпов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер