«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біліктілігін көтергісі келетін кәсіпкерлер назарына!

2015 жылғы 24 Маусым
- Павлодар облысы
17656 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызмет жүргізу негіздеріне қысқа мерзімдік оқыту ұсынылады.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы 2015 жылғы сәуір айынан бастап бағдарламаның аталмыш бағытының операторы болып табылады және кәсіпкерлерді оқытады. «Бизнес-Кеңесші» курсында 681 ісін бастаушы кәсіпкерді, «Бизнес-Өсім» курсында 125 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісін оқыту жоспарланып отыр.

Сәуір-маусым айларында 578 шағын бизнес субъектісі оқытылған. Шілде айында төмендегі кестеге сәйкес облыс қалалары мен аудандарында 6 тренинг ұйымдастыру жоспарланып отыр:

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне қысқа мерзімдік оқыту кестесі

  1. 01-02 шілде – Павлодар облысы Қашыр ауданы
  2. 07-08 шілде Өспен ауданы
  3. 08-09 шілде Ертіс ауданы
  4. 16-17 шілде Екібастұз қаласы
  5. 20-21 шілде Павлодар қаласы
  6. 23-24 шілде Ақсу қаласы

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21 Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы мекенжайына жүгініңіз, тел. 660311 (ішкі 124), 676223. Байланысушы тұлға: сервистік қолдау бөлімінің бастығы Кузят Наталия Петровна.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер