«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Банк қарызының сомасы екі есе өсті

2015 жылғы 15 Желтоқсан
- Павлодар облысы
13649 просмотров

Бренд киім сатумен айналысатын «Imperium TE LTD» ЖШС 2014 жылғы наурыз айында 240 мың еуроға банктен кепілдік алады

Кәсіпкер бір жылға алған сомасын қайтара алмағандықтан, 2014 жылдың желтоқсан айында банкке қарызды қайтару мерзімін шегеру туралы өтінішпен хат жолдайды.

Павлодар қаласындағы «АТФ-Банк» АҚ филиалы өкілінің айтуынша, қарызды қайта құрылымдауды жүргізу үшін түйткілді бөлім тарапынан барлық шаралар қолданылады. Алайда ең соңында қарыз шарттарына қол қою кезінде бас банктегі қызметкерлер кәсіпкердің комиссия шарттарын орындамағанын анықтайды. Ал құжаттарды даярлау барысында аталмыш дерек белгіленбеген еді әрі кәсіпкерге комиссия төлеу керектігі жайлы ешкім де алдын-ала хабарламаған.

«Бұған дейін комиссия туралы мәселе мүлдем туындамаған еді, себебі банк қайта құрылымдау сомасын енгізу қажеттігі жайы хабарлады. Сәйкес салымдар жасалды, оны үзінді көшірмелер куәландырады. Аталмыш салымдарды банктің ЖШС шотынан өз бетінше комиссияны жабуға көшіріп жаза салуына да болар еді»,- деп түсінбестігін білдірді ЖШС бухгалтері Ирина Телеш.

Қайта құрылымдау процедурасы тек бір жыл өткеннен кейін ғана жүргізіледі. Атап айтқанда 2015 жылғы 2 желтоқсанда. Бірақ бұл уақыт ішінде «Imperium TE LTD» ЖШС мерзімін өткізіп алып, түйткілді клиенттер санатына көшіп кетеді де, сәйкесінше, пайыздар мен өсімпұлдар қоса есептеледі. Ал ЖШС банкке 2014 жылғы желтоқсанда жүгінген болатын, яғни төлемдер бойынша мерзімін өткізгенге дейін әрі валюта бағамы көтерілгенген дейін.

«Imperium TE LTD» ЖШС бас бухгалтері Ирина Телештің айтуынша, банк 47 800 800 теңге сомасындағы қарызды беретінін 2015 жылғы 2 сәуірдегі хатымен растады. Бірақ ол сонымен бірге АТФ Банктің «Colvir» ішкі жүйесіне енгізілмегенін хабарлайды. Осыған байланысты банк ЖШС-ға дәл осы қарызды, бірақ ол кезде еуро бағамы көтеріліп кеткендіктін, 79 080 800 теңге сомасында қолдануды ұсынады. «Енді мәселенің құны екі есе өсіп отыр. Бастапқыда банк 47 800 800 теңге мөлшерінде кредит беруге келісімін берсе, кейін, кешіріңіздер, қателік болды деп, барлық жүйені қайта құрып, 79 080 000 теңге беріп отыр. Нәтижесінде бәріне де «Colvir» бағдарламасы кінәлі. Сонда оның ҚР заңнамасынан жоғары тұрғаны ма?», - деп таңданды бухгалтер.

«Ұсынылған кестеге сәйкес, 2016 жылғы 4 қаңтарда 66 000 000 теңгені жабуымыз керек. Аталмыш соманы, пайыздарды санамағанда, бір ай ішінде табуға тиіспіз», - дейді Ирина Викторовна.

ЖШС жергілікті деңгейде банк филиалының басшылығымен кездесті. Алайда түйткіл бәрінің де Алматы қаласындағы бас банктің әрекеттеріне байланыстылығында болып отыр.

Аталмыш мәселе төңірегіндегі ЖШС-ның банкпен алмасқан хаттары жиналып жатыр. Күн өткен сайын пайыз бен айыппұл да өсіп барады. ЖШС екі есе өсіп кеткен кредитті төлей алмайды. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Imperium TE LTD» ЖШС басына түскен күрделі жағдайды шешуді сұрап жүгінді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер