«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеке іс бастау кезінде көрсетілген көмек

2016 жылғы 29 Қаңтар
- Павлодар облысы
14556 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы мен оның аудандық филиалдары жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына 2015 жылы 7 мыңнан астам ісін бастаушы және әрекет етуші бизнесмен жүгінген

Облыстағы Ақтоғай ауданында ветеринарлық дәріхана жұмысын бастады. Аталмыш дәріхана аудандағы мал шаруашылығы дамуының жоғары қарқынымен шартталып отыр. Бұрын ауылдықтардың малға арналған дәрі үшін облыс орталығына баруына тура келуші еді. Ол біраз қолайсыздықтар тудыратын.

Дәріхана иегері Мейрамхан Доғал үй жануарларына арналған дәрі-дәрмек сатып алу түйткілін жақсы біледі. Ол ауданда көп жылдар бойы ветеринар болып қызмет атқарған, қазір де құрметті демалысында ауылдастарына көмектесуге бел буған екен.

«Ветеринарлық дәріхана ашу ниетімен Доғал мырза жүгінді. «Мұхамед» ЖК ашу бойынша толық сүйемел көрсеттік, құқық орнатушы құжаттар жинауда, жалдау шартын жасауда және дәріхана орналасатын жайды іздеуде қолдау көрсеттік», - деп атады Палатаның аудандық филиалының директоры Нариман Рахымжанов.

Ауылдық кәсіпкер болашақта дәріхананың жеке ғимаратын тұрғызуды жоспарлауда. Бұл мәселеде КҚО мемлекеттік органдармен бірге жер телімі мен аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін қарыздық қаражат бөлетін қаржы институтын іріктеуде.

Щербақты ауданында жеке қаражаты есебінен жас кәсіпкер Сайран Жүсіпов азық-түлік тауарлары дүкенін аша алды.

«Жеке іс ашу жайлы шешім қабылдағанда құрылыс бригадасын жалға алып, олар міндеттерін жылдам әрі ойдағыдай орындап шықты. Бірақ оны ресімдеуге келгенде, бірқатар түйткілдер туындады. Атап айтқанда, құжаттарды ресімдеу кезінде. Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен нысанға құқық орнату құжаттарын аса қиындықсыз ала алдық. Көрсетілген көмек үшін ризашылығымды білдіремін», - дейді Сайран Жүсіпов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер