«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер болудың жолы

2016 жылғы 22 Ақпан
- Павлодар облысы
14509 просмотров

Павлодар облысындағы Бизнес-мектепте жаңа оқу жылы басталды

Павлодар облысы Кәсіпкерлерді қолдау орталығы жанындағы Бизнес-мектепте 2016 жылы ісін енді бастаған 700-ден астам кәсіпкерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту көзделіп отыр.

Бірнеше білім беру кезеңдерінен тұратын оқыту бүгінде басталып кеткен. Болашақ кәсіпкерлер бірінші кезеңде кәсіпкерлік негіздерін оқыса, келесі кезеңде тыңдаушылар таңдауына нақты осы өңірде жүзеге асыруға болатын бірқатар жобалар ұсынылады.

Былтыр Бизнес-мектепте 825 кәсіпкер оқып, 241 адам біліктілігін арттырған. Курстан өткен қатысушылар өз бизнесін ашып, жаңа іс ашуға мүмкіндік алды.

«Жобалар бюджеттің және кәсіпкерлердің қаражатын тарту арқылы жүзеге асқан. Бұл ісін енді бастаған және жұмыс істеп жатқан бизнесмендер үшін тегін оқу оқып, бизнесті жүргізу саласында жаңа білім алудың тиімді мүмкіндігі. Оқыту кезеңінде оқу құралдары, стандартты құжаттар пакеті секілді ауқымды ғылыми база ұсынылады. Бұдан басқа қатысушыларды маркетингтік зерттеулер нәтижелерімен, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибемен таныстырады», – деп айтып берді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жомарт Сембаев.

Зерттеулер бойынша, 2015 жылы Павлодар облысы Бизнес-мектеп қатысушыларының көп бөлігін қызмет көрсету саласының өкілдері құрайды –  38%, ал аз бөлігі ауылшаруашылық саласындағылар – 16%. Тыңдаушылардың көп бөлігі, яғни 59%-ы ер адамдар болса,  жас ерекшелігі жөнінен 30 бен 49 жас аралығындағылар басым бөлігін құрап отыр (55%).    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер