«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ірі бизнес пен ШОБ арасындағы көпір

2016 жылғы 26 Ақпан
- Павлодар облысы
13247 просмотров

2015 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік палатаның ат салысуымен ірі бизнес пен ШОБ арасында құны 800 млн. теңгеден астам сома болатын келісім-шарттар жасалған

Бұл өңірлік палата мен ірі кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар арқасында мүмкін болған.

«Павлодар облысы елдің өнеркәсіптік орталығы. Мұнда ірі өнеркәсіп нысандары бар. Сонымен бірге өңірде шағын және орта бизнес өкілдері де аз  емес. Біз, Кәсіпкерлер палатасы ретінде, ШОБ пен ірі бизнес арасындағы өзара тиімді әрекеттестікті жолға қоюымыз қажет. Бұл отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңызды тетігі», – деді облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Байсейітов.

Жуырда өңірлік палатаның бастамасымен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ мен ШОБ  өкілдері қатысқан  іскерлік кездесу өтті.

Ірі компаниялар 2016 жылға арналған сатып алулар туралы Жоспарларымен таныстырып, негізгі ережелерді түсіндірді. Өз кезегінде «Ascor» ЖШС, «Қазэлектромотор» ЖШС мен басқа да кәсіпорындар оларға өз ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу нәтижелі болды. Ірі бизнес өкілдері өздері танысқан кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне қызығушылық танытты. «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ мен «Жарық» ҒӨК ЖШС тауар жеткізілімі мәселелерін талқыласа, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС  және «Ascor» ЖШС өзара ынтымықтасу туралы мәмілеге отырды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер