«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қолдау қажет

2016 жылғы 01 Наурыз
- Павлодар облысы
12967 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының қолдауының арқасында кәсіпкерлер 2015 жылы 60 млн теңге үнемдеді

Бұл туралы брифинг кезінде облыстық палата директоры Мәди Сыздықов хабарлады. Оның айтуы бойынша, көптеген кәсіпкерлерлік субъектілерінің өтініштері жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, салық және мемлекеттік сатып алулар төңірегіндегі заң бұзушылықтарға қатысты болған.  

 «Өтініштердің негізгі себептері – мемлекеттік мекемелер тарапынан жүргізілген түсіндірме жұмыстардың әлсіздігі. 2016 жылдан бастап жаңа заңдар қабылданды және нормативтік-құқықтық актілерге жаңартулар енгізілді. Осыған байланысты өңірлік палаталарға кәсіпкерлерлік субъектілері тарапынан өтініштер көптеп түседі деп күтілуде» – дейді Сыздықов.

Кәсіпкерлерді қорғау кеңесімен бірге кәсіпкерлердің құқығын бұзуға қатысты 16 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Кеңеске электр энергиясы үшін 100% көлемінде алдын ала төлем алу жағдайын шешу туралы өтініш айтқан бизнесмендер болды. Нәтижесінде Кеңес осы мәселе бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің тексерістер жүргізуін қамтамасыз етті. Тексерістің нәтижесі бойынша «Павлодарэнергосбыт» ЖШС тарапынан заң бұзушылықтарды жоюға қатысты ескертпе жасалды. Енді, ҚР АК 488 бабы бойынша нақты пайдаланылған электр энергиясына ғана төлем жасалады.

Прокуротура органдарымен бірлесе атқарған іс шаралар аясында жергілікті атқару органдарының 10 мемлекеттік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Палата заңгерлерімен нормативтік-құқықтық актілерді сараптау жұмыстары да жүргізілуде. Өткен жылы Облыстық палатаның қарауына нормативтік-құқықтық актілердің 145 жобасы келіп түскен. 115 сараптамалық қорытынды, ескертулер мен ұсыныстардан тұратын 19 сараптамалық қорытынды берілген еді, сондай-ақ 30 жобаны сараптамадан өткізуден бас тартылған болатын», – деп атап өтті өңірлік палата басшысының орынбасары.

2016 жылдың басынан бері Палатаның арқасында бизнес 700 мың теңгеге жуық қаражатты сақтап қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер