«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкердің еңбегі еленді

2016 жылғы 02 Наурыз
- Павлодар облысы
13298 просмотров

Фермер Қайрат Шапуов облыста тұңғыш рет «Атамекен» ҰКП тағайындаған ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалінің иегері атанды

Медаль ел экономикасын дамытуға қомақты үлес қосқан кәсіпкерлерге табысталады әрі еңбекті бағалаудың айрықша түрі.

Қарбыз, кейін қауын өсіре бастаған «Қайрат» шаруа қожалығының тарихы осыдан 17 жыл бұрын бастау алған еді. Осы уақыт аралығында шаруашылық өркендеп-өсіп, қарбыз бен қауынның 62 түрін өсіруді жолға қойды. Кәсіпкердің мұндай жетістікке қол жеткізуіне агрономдармен, Павлодар жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлерімен етене байланысы сеп болды. Бақша дақылдарының дәмін әр жаздың аяғынды дәстүрлі түрде дақылдың отаны – Шарбақты селолық округінде өткізілетін қарбыз фестивалінде татып көруге болады.

Бүгінгі таңда Қайрат Шапуов 2016 жылы  асқабақ дәнегін өңдейтін зауытты іске қосуды жоспарлап отырған посткеңестік кеңістіктегі жалғыз кәсіпкер. Бұл істі жүзеге асыруға қажетті барлық құрылғылар дайын. Ауылшаруашлық өнімдерін өндіруші бұған қоса консервіленген қарбыз өндірісі мен өзге де жаңа өндіріс түрлерін іске қосуды көздеп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер