«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлемде әсемдік орнату үшін

2016 жылғы 09 Наурыз
- Павлодар облысы
14589 просмотров

Шарбақты ауылында сұлулық салоны жұмыс жасауда

Зейфагүл Прокопенко атты кәсіпкер жеке сұлулық салонын ашуды ұзақ уақыт армандап келген. Алайда арманын ауыл көлемінде іске асыру ол үшін мүмкін еместей көрінетін. «Жүрген жерімді әсемдеу менің сүйікті ісім. Жылдар бойы мен шаштараз қызметін жабдықталмаған кішкене ғимаратты жалға алып іске асырып келдім. Бүгінде тұрақты клиенттерім де бар, солардың кеңесінің арқасында мен нағыз сұлулық салонын ашып отырмын», – дейді салон иесі.

Таяу күндері Зейфагүл Прокопенко «ЗИФА» сұлулық салонының ресми түрде ашылу салтанатын өткізді. Кәсіпкерлер палатасы идеяның іске асуына қолдау көрсетіп келді. «Несие алу үшін құжаттар жинауға, бизнес-жоспар жасауға Кәсіпкерлер палатасы жан-жақты қолдау көрсетті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысқаннан кейін мен өз ісімді аша алдым», – деді кәсіпкер.

Салон кезегіне алдын ала бір апта бұрын жазылған. Кәсіпкер алдағы уақытта көрсетілетін қызмет аясын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер