«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық компаниялар нарықта өз орындарын тапты

2016 жылғы 14 Наурыз
- Павлодар облысы
12702 просмотров

Атамекен сатып алу және өткізу мәселелерін шешуге көмектесуге дайын

Отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету және олардың дамуына жан-жақты жағдай жасау Ұлттық палатаның алдындағы басты міндеттердің бірі болып табылады, бұл жайлы өзінің Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов атап өтті. Аталған іссапар бағдарламасына «Best Milk» ЖШС, «БО-НА» ЖШС, «Мерусар и К» ЖШС тәрізді кәсіпорындарды аралау да кірді. Аталған өндірістердің әрқайсысының бүгінде нарықта өз орны бар. Мәселен, «Best Milk» ЖШС Павлодар қаласы заманауи сүт зауытында өнім шығарумен айналысады. Тауардың 50 түрі бар, өндіріс қуаты тәулігіне 40 тонна сүтті құрайды.

Компания басшысы Марина Рейдинаның айтуына қарағанда, «Best Milk» деген атаудың өзі көп нәрседен хабар береді. «Біздің өнім өңірімізде үлкен сұранысқа ие. Осы жылы елорда нарығын да қамтуды көздеп отырмыз. Өндірісте сүттің жоғары сапасына қол жеткізуге тырысамыз. Бізде бөтелкелерді үрлеп жасайтын бірегей жабдық бар, өндіріс тұтастай залалсыздандырылған», – деп түсіндіреді ол.

«БО-НА» ЖШС біршама жас кәсіпорын, алайда бүгінде ол ұнтақ, таблеткалар түрінде залалсыздандыру құралдарының жаңа түрлерін өндірумен айналысады. «2014 жылдан бері көп нәрсеге қол жеткіздік. Барлық аса қауіпті жұқпаларды жою қабілетіне ие экологиялық қауіпсіз өндіріс құрдық. Бұл медициналық тұрғыдан дәлелденген. Біздің өндірісіміз мақсатты қолданылуы жағынан тұтастай Қазақстанның қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады. Бүгінде біз тиімді келісім-шарттар бекітіп, жаңа жылды жағымды жаңалықтармен бастадық», – дейді оның директоры Нұрлан Ережепов.

Аталған кәсіпорынның 2015 жылдың қорытындылары бойынша қолданыстағы кәсіпорындармен шығарылған өнімнің көлемі 3,6 млрд. теңгені құраған «Павлодар» арнайы экологиялық аймағының аумағында орналасқандығын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Төлеміс Шотанов «Мерусар и К» ЖШС-де болып, бір реттік медициналық жабдықтар және киімдер өндірісімен танысты. Кәсіпорын өңірде жақсы дамып келе жатқан компаниялардың бірі саналады. «Біз тоқымаға жатпайтын, соның ішінде құрамында жасанды жібек пен мақта болмайтын материалдардан медицина мен косметологияға арналған залалсыздандырылған және залалсыздандырылмаған жиынтықтардың көптеген түрлерін шығарамыз. Қазіргі уақытта компания осы заманғы хирургияның ең бір қатал талаптарына жауап беретін және сапасы жағынан шетілдік баламаларынан кем түспейтін заманауи жиынтықтар шығаруды қолға алып, оны жоғары деңгейде игеріп алды», – дейді ЖШС директоры Марат Маханов.

Төлеміс Шотанов Павлодар облысы шағын және орта бизнесінің нарықта берік орнығып алғандығын және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етіп отырғандығын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, ең бастысы – отандық бизнеске қолдау көрсету және тауарды өткізу нарығын қамтамасыз ету. «Қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі – отандық тауар өндірушілер үшін барлық жағдайды жасау. Қазақстанда өзін-өзі қамтамасыз ету жағынан көптеген мүмкіндіктер бар. Өз кезегінде Атамекен сатып алу және өткізу мәселелерін шешуге ықпал етуге дайын. Даулы мәселелер туындаған жағдайда да біз қолұшын беруге дайынбыз», – дейді ол. Жұмыс сапары Өңірлік кеңес мүшелерімен кездесуге ұласып, онда маңызды мәселелер талқыланып, бизнестің ағымдағы даму жағдайы жан-жақты сөз болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер