«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүйікті ісі жеке бизнеске айналды

2016 жылғы 15 Наурыз
- Павлодар облысы
13709 просмотров

Павлодар облысында жекеменшік ойыншықтар өндірісі іске қосылды

Кәсіпкер Динара Айтжанованың айтуынша, осы уақытқа дейін бұл өңірде мұндай іспен шынымен де ешкім айналыспаған. Ол мұны әшекейлер мен ойыншықтар жасайтын шеберлердің көп екендігіне қарамастан, цехты жария түрде ашуға ешкімнің батылы бармағанымен түсіндіреді.

«Балбөбек» ойыншықтар өндірісі цехы тек қана балаларға бағдарланған. Бүкіл өнім экологиялық таза, тек ойыншықтар ғана емес, сонымен бірге салтанатты көйлектер мен кішкентай қыздарға арналған әшекейлер де шығарылады. «Жеті жыл бойы сауда агенті болып жұмыс істедім. Сондай-ақ, хендмейд, яғни, қолөнермен де айналыстым. Бастапқыда өз қыздарыма арнап салтанатты көйлектер мен шаш әшекейлерін тіктім. Біртіндеп сүйікті ісім жекеменшік бизнеске айнала бастады», – деп мойындайды Динара.

Ол өз жобасын Өңірлік кәсіпкерлер палатасының «Бизнес-мектебінде» оқығаннан кейін іске асыруға мүмкіндік алды. Осыдан кейін, ол өзінің бизнес-жобасын сәтті қорғап, 3 млн. теңге көлемінде грант ұтып алды. Бүгінгі күні «Балбөбек» ЖК-інде қуыршақтың, жұмсақ кубиктердің және кішкентай қыздарға арналған шығармашылық жиынтықтардың бірнеше ондаған түрі өндіріледі. Әшекейлердің, салтанатты және ұлттық көйлектердің 200-ден астам атауы бар. «Өнімдеріміз қазір Екібастұздың сауда нүктелерінде сатып өткізіледі және тұтынушылардың тапсырысымен де жұмыс істейміз. Келешекте өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін біз Астана қаласында 7 мамырда өтетін отандық өндірушілер жәрмеңкесіне қатысамыз. Содан кейін астаналық фирмалармен келісім жасасу және басқа облыстардың нарығына шығу ниетіміз бар», – дейді кәсіпкер.

Бизнесвуменнің айтуынша, шикізат Қырғызстаннан, қосымша Алматыдан да сатып алынады. Барлығы үш тігінші жұмыспен қамтылған. Шебердің кәдесый ойыншықтары өндірісін жолға қою, жаңа жұмыс орындарын құру сынды жоспарлары бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер