«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Литваша teambuilding

2016 жылғы 24 Наурыз
- Павлодар облысы
13373 просмотров

Нәтижеге командамен тізе қосып жетуге болады

Павлодар облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының атташесі Адомас Давалгамен және INSOCIUM интегралды қоғам институты қызметкерлерімен өткізген  кездесуінде осы идея төңірегінде әңгіме қозғалды.

Қатысушылар ресми форматтан ауытқып, командаға бөлініп, ойын түрінде жетістікке қалай жету керек деген сұраққа жауап іздеді.

Өңір қонақтары күтілген нәтижеге күш біріктіру арқылы жету мүмкін болатынын айтып өтті. «Бүгінгі күні Литва Республикасында бірігу әдіснамасы айтарлықтай кең қолданысқа ие. Бұл әдіснама студенттік кезеңнен бастап енгізілген. Біз жетістікке жету, оның ішінде бизнестің нәтижелі болуы үшін бұл жол аса тиімді деп есептейміз»,  деді Адамас Давалга.

Командаларға түрлі тапсырмалар берілді. Мәселен, қатысушылардың әрқайсымен анағұрлым жақын танысу, жетістікке жету жолында туындауы  мүмкін кедергілерді анықтау және затты командамен бірге құлатып алмай, ұстап тұру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тапсырмалардың барлығы адам бойындағы барлық мүмкіндіктерді дамытып, командалық ойлау қабілетін қалыптастыруға септігін тигізеді.  

Өзекті мәселелерді талқылаудың мұндай форматының тиімділігін Өңірлік кеңес мүшелері де айтып отыр. «Кездесу өте қызықты өтті. Шын мәнінде көкейтесті мәселелерді осындай еркін форматта өткізу мәселе өзегіне тереңірек үңіліп, оның шешімін табуды жеңілдетер еді. Бұл әдіснаманы біз өзіміздің жұмысымызда қолданып, жинаған тәжірибемен бөлісетін боламыз», – деп түйіндеді сөзін бизнесвумен Тамара Бабенко.

Адомас Давалганың Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары Наурыз мерекесіне дөп келіп, мереке ойын-сауығымен жалғасын тапты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер