«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дау сотсыз шешілді

2016 жылғы 11 Сәуір
- Павлодар облысы
7066 просмотров

Екібастұздық «Алнұр-сервис» ЖШС мен мемлекеттік мекеме арасында даулы мәселе туындаған

Даудың мәнісі мынада. Мемлекеттік сатып алулардың нәтижесі бойынша ЖШС мемлекеттік мекеменің жөндеу жұмысын орындаған. Тапсырыстың құны – 1 478 000 теңге. Алайда орындалған жұмыстың төлемақысы дер кезінде түспеген. Осыдан кейін ЖШС өз құқықтарын қалпына келтіру үшін түрлі инстанцияларға шағымдана бастайды. Өз кезегінде мемлекеттік мекеме кәсіпкерді жұмысты өз уақытында орындамады деп айыптап, сотқа жүгінеді және тұрақсыздық айыбын төлетуді талап етті.

Осы кезеңде мәселеге Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары араласты.

«Біз «Алнұр-сервис» ЖШС-ның құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Павлодар облысының Мамандандырылған экономикалық сотында мемлекеттік мекеменің 1 036 464 теңге сомасындағы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарау кезінде өкілдік қызмет көрсеттік. Алайда, біз алдымызға мәселені негізгі сот талқылауына жеткізбей тұрып шешу міндетін қойдық. Біз екі тараптың кездесуіне себепкер болып, соның нәтижесінде мемлекеттік мекеме бұған дейін берген арызын қайтып алды. ММ орындалған жұмыстың төлемақысын толық көлемінде өтейді», – деп түсіндірді ӨКП сарапшысы Сейфолла Қасымқанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер