Өңірлік кеңес аймақтарды аралады
Съездің күн тәртібінде қаралады:
- Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатқызылатын ҚР ҰКП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.
- ҚР ҰКП-ның үшжылдық кезеңге арналған индикативті орта мерзімді бюджетін бекіту туралы.
- ҚР ҰКП Төралқасының кейбір мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау туралы.
- ҚР ҰКП Басқармасы өкілеттігінің мерзімін бекіту туралы.
- ҚР ҰКП Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- ҚР ҰКП құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғаның мақсаттарын, міндеттерін, өкілеттігін белгілеу және оның атауын өзгерту туралы.
- Міндетті мүшелік жарналардың кейбір мәселелері туралы.
- Әртүрлі мәселелер.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер жөніндегі материалдар, қосымша жиынға қатысушылар мекенжайына, Съезді өткізу күніне дейін электронды байланыс арқылы жіберіледі.
ҚР ҰКП Съезі Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7-үй мекенжайында орналасқан «Rixos President Astana» қонақ үйінде сағ. 11-де өткізіледі.
Съезд қатысушыларын тіркеу 2016 жылғы 16 маусымда сағат 9.00 басталады, 2016 жылғы 16 маусымда сағат 10.30-де аяқталады.
Тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
Ақпарат алу үшін 59-79-60 (Қазақстанның кез келген қаласынан қоңырау шалу тегін), Алматы қаласы үшін - 259-79-60, немесе +7 (7172) 91-93-56 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: