«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл бизнесінің алар асулары

2016 жылғы 14 Маусым
- Павлодар облысы
12777 просмотров

Ауылдық аудандарда көшпелі кездесулер ұйымдастыру – шаруалармен кездесіп, олардың проблемаларын талқылап, ұсыныстарын тыңдаудың жақсы мүмкіндігі

Кәсіпкерлер палатасының басшылығы Өңірлік кеңес төрайымы Райхангүл Сатабаеваның жетекшілігімен Май ауданына барды. Өңірде қой шаруашылығы, ірі қара мал өсіру, жылқы шауарашылығы белсенді дамып келеді. Десек те, ауыл өндірушілерінің түйінді мәселелері де жоқ емес. Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітовтың сөзінше, «Жайлау» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған қожалықтар қарқынды дамуда, еңбек жемісті болып, фермерлер мал басын еселей алған.

Сонымен бірге, жеке үй-жайы бар шаруа қожалықтарын біріктірудің оң нәтижесі де бар. «Бұл жақсы бастама, жақсы жәрдем. Осы арқылы өнімді өткізу, қайта өңдеу мәселесі шешілуде. Ірі супермаркеттерге өткізу перспективалары шығып отыр, себебі олар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жыл бойы тұрақты әрі белгіленген көлемде жеткізілуі маңызды», – деді ӨКП директоры.

«Арман» ШҚ басшысы Палата филиалының жұмысына алғыс айтты. ШҚ Палатаның қол созуының арқасында ауылшаруашылық техникаға қол жеткізіп, мал басын көбейтті. Дегенмен фермерлер білікті мамандардың тапшылығын тартып отырғанын да айтты.

Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ілиясованың айтуынша, Палата облыс кәсіпорындарындағы кадрларға деген сұранысын тұрақты түрде бақылап отырады. Көп жағдайда өңірдің оқу орындары өндірісте шынымен қажет дейтін мамандарды даярлайды. Бұл мәселені шешуде білім беру басқармасымен, облыстық колледждермен тығыз жұмыс жасалуда.

«Бизнес дайын мамандарға ие болуы керек. Сондықтан дуальды оқыту жүйесін енгізу – алдымызда тұрған үлкен міндет. Кең бейінді кадрларды даярлау қажет. Студенттер бір уақытта жалғаспалы мамандықтарды да меңгеруі тиіс. Барлық заманалы техникамен жабдықталған оқу орындарының тәжірибесін де зерттеген жөн», – деді Бақытжан Ілиясова.

Өңірлік кеңес төрайымы Райхангүл Сатабаеваның пікірінше, фермерлер өндірістік тәжірибеге аудандық колледж студенттерін тартуы қажет. Дуальды оқыту бойынша Павлодар мұнай өңдеу зауыты жақсы тәжірибеге қол жеткізген. Кәсіпорын өзіне қажетті мамандарды даярлап, студенттер зауытта тәжірибе жинақтайды. Олар оқу орнын бітіре сала міндетті түрде жұмысқа тұрады. Шаруа қожалықтары облыста қой жүнін өңдеумен айналысатын кәсіпорынның жоқтығына налып отыр. Қой шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңір үшін бұл аса өзекті мәселе. Ауданда осы бизнес-идеяны жүзеге асыру қажеттілігі де пісіп жетіліп отыр.

«Кәсіпкерлер палатасының басым міндеті – ауылда жаңа жобаларды іске асыратын, аудан бизнес-климатын жақсартатын бастамашыл жандарға жан-жақты қолдау көрсету», – деп түйіндеді Райхангүл Сатабаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер