«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Турасын төрелік сот айтсын

2016 жылғы 17 Маусым
- Павлодар облысы
12353 просмотров

Павлодарлық бизнесмендерге арбитраждық соттың артықшылықтары жайлы айтылды

Қандай кәсіпкер болса да, белгілі бір тәуекелге барады. Өкінішке орай,  көбіне істі атқару барысында контрагенттердің бірі келісім шарттарын бұзады.  

Өз бетімен шешуі қиын даулы мәселелер туындаған кезде бизнесмен не істеуі керек?  Мұндай жағдайда сотқа, не болмаса арбитражға  шағымдану мүмкіндігі бар, ол сотқа толыққанды балама болып табылады.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Атамекен» Арбитраждық орталығының  мүмкіндіктерімен және артықшылықтарымен  Арбитраждық және аралық талқылау орталығының бас хатшысы Асқар Қалдыбаев таныстырды.  

Асқар Қалдыбаевтың айтуынша, дау қалай шешіледі, шешім қалай қабылданады, қарау мерзімдері қандай, бұл қанша тұрады деген сияқты жиі қойылатын  сұрақтар арбитражбен байланысты.  

Көбіне экономикалық дауға қатысушылар байыпты келісімге жету үшін қолда бар барлық мүмкіндікті  қолданады.  Мұндай жағдайда жоғары беделі бар кәсіби  арбитр  көмекке келеді. Артықшылық мынада, арбитрлерді тараптар өздері сайлайды, оның ішінде ҚР резиденті еместер де арбитр бола алады.

Сонымен қатар рәсімді, мәжіліс орнын, дауды шешу мерзімдерін тараптар өз келісімі бойынша белгілейді. Тараптарға  қолайлы болу үшін  істі бетпе-бет те, онлайн режимінде де, сондай-ақ тек құжаттар негізінде де қарауға болады.

Қарау мерзіміне қатысты айтуға тұрарлығы, дауды шешуге белгіленген ең аз немесе өте ұзақ мерзім жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, орташа алғанда қарау мерзімі 2 айға жетеді.  

Арбитраждық орталық, арбитрлер қайсыбір дау және қабылданған шешім жайлы  ақпаратты таратуға құқылы емес. 

Арбитраждық шешім түпкілікті болып табылады, оған шағымдану тек шектеулі рәсімдер бойынша болуы мүмкін. Мысалға, дау тараптарын хабардар етпеу, не болмаса келісілген рәсімдерді бұзу.

Дауларды  қарау құны да мәні бар мәселе. Талапкер  талап-арыз берген кезде 60000 теңге  сомасында тіркеуші алым  төлейді,  арбитраждық алым талап-арыз мөлшерінің  2%-нан  аспайды  және талап-арыз бағасы ұлғаюына қарай төмендетіледі.

«Атамекен» Арбитраждық орталығы ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық арбитраждық соттың ізбасары болып табылуы құзыреттілік пен дауларды шешудің тәуелсіздігіне кепіл бола алады және дауларды әділетті шешу дәстүрін жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер