«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Болашаққа салынған инвестиция

2016 жылғы 07 Шілде
- Павлодар облысы
11390 просмотров

Людмила Федосова кеншілер қаласында өзінің немересіне арнап ашқан «Анна» фотостудиясы табысты жұмыс істеп келе жатқалы міне үш жылдан асты

Фотосурет шығару  –  қол боста шұғылданатын қызықты ермек қана емес, ақша табудың көзі, тәсілі деген ұйғарым жасаған екібастұздық зейнеткер Людмила Федосова.

«Ең басты мақсатым – немереме көмектесу, – дейді жаңадан іс бастаған бизнесмен әйел. – Өкініштісі, ол бала жасынан мүгедек, бірақ мен ол өзін төмен санамасын, сүйікті ісімен айналысып, кіріс тапсын деген оймен осы фотостудияны аштым. Әрі қарай не істеу керек екенін білмедім», – деп мұңайғанын жасырмады Людмила Федосова.

Бұрынғы әріптесі Кәсіпкерлер палатасына өтініш айт деп ақыл беріп, жаңадан бастаған кәсіпкерлерге көмек беретін осындай ұйым бар деп жөн сілтеген.

Людмила Федосова ЖК ашумен шұғылданып, құжаттар рәсімдеймін, бизнес-жоспар жасап, бухгалтерия сырына бойлаймын деп ойлаған да жоқ  екен.

Бизнес жүргізудің бүге-шігесін игеруге Екібастұз қаласындағы Палата филиалы жәрдемдескен.

«Бастапқыда қысқа мерзімді бизнес-кеңесші курсынан өттім. Сертификат алып, әрекет ете бастадым. Барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде Кәсіпкерлер палатасы маған тегін жасаған бизнес-жоспарды жинадым, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік картасына қатысу үшін тапсырдым», – деп сыр бөліседі фотосурет шебері.

Кейіпкеріміз төмен пайыздық мөлшерлемесі және біртіндеп төленетін төлемі бар тиімді несие алған соң, фотосалонға қажетті барлық жабдық пен материалды сатып алған.

«Анна» фотосалонын ашу – тұрақты жұмыс орны және сүйікті немеремнің абыройлы болашағы деген сенімнен туды», – дейді Людмила Николаевна. Ол салон ашылғанша жанында  болған,  алғашқы келушіні жылу жүзбен қарсы алған Палата қызметкерлеріне алғыс айтудан жалықпайды.

Екібастұз қаласы тұрғындары бұл салонға жиі келеді, өйткені оның есігі айқара ашық және қызметкерлер жылы жүзбен риясыз әрі сапалы қызмет етеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер