«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Миллионға татитын идея

2016 жылғы 08 Шілде
- Павлодар облысы
11917 просмотров

Павлодарда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа лайықты, жаңадан іс бастаған ең жақсы бизнес-идея таңдалды   

Қалай табыс табуға болады? Неден бастау керек? Жаңадан іс бастаған кәсіпкердің әрқайсысын осындай сұрақтар ойландырады, толғандырады.

Кәсіпорынның түп негізінде жатқан идея бизнестің табыстылығына бастайтын басты фактор болып табылады. Бұл орайда көп жанның көңілінде көкейтесті мәселелер туындайды: қаржылық табысқа кенелтетін бизнес-идеяның нағыз өзін табу әркімнің қолынан келе бермейді.  

Павлодарда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа лайықты, жаңадан іс бастаған ең жақсы бизнес-идеялар іріктелді.   

Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Жомарт Сембаевтың сөзіне қарағанда, гранттан 89 кәсіпкер үмітті болды. Мәселен, Май ауданы тұрғыны  ұзақ жанатын жаңаша пештің өндірісін іске қосуды жоспарлайды.  Сонымен бірге көпжылдық гүлдер мен құлпынай өсіру, әртүрлі ас дайындау жөніндегі шеберлік сыныптарын ашу, қой жүнінен көрпе тігу, сүт өңдеу өндірісін ашу сияқты талай қызықты жобалар ұсынылды.

Биылғы жылы гранттарға шамамен 20 миллион теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Комиссия қорыта келе барлық түскен өтінімдерден ең жақсы деген жеті жобаны таңдайды. Идеяның жаңашылдығы, бірегейлігімен бірге жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты өте маңызды жағы да ескерілетін болады.  

2013 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 39 кәсіпкер грантқа ие болды. Жобалардың жартысынан көбі жүзеге асты, біраз  бөлігі әзірлену сатысында тұр.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер