«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фермерлерге арналған инновация

2016 жылғы 16 Тамыз
- Павлодар облысы
6510 просмотров

Қазіргі заманда әр салада инновациялық жаңалықтардың өзектілігі артуда

«Жаңа қала» шаруа қожалығы» ЖШС-ін өңірдегі жетекші кәсіпорын деп атауға болады, ол ауыл шаруашылығына алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп келеді.

Таяуда бұл жерде семинар өтіп, онда фермерлер «Тұқымды түрлендіру» бағыты бойынша төлді сақтап қалу үшін тиімді жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен таныса алды.

Семинарды «Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығы ұйымдастырғанын атап айту керек. Оны ұйымдастырудағы мақсат – ауылшаруашылық тауар өндірушілерін ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелерімен қамтамасыз ету, сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешенге алдыңғы қатарлы технологияларды жедел түрде енгізу.

Семинардың теориялық бөлімінде фермерлерге мал шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер жөнінде ақпарат берілді. Онда олар көптеген пайдалы дүниелерге қанық болды.

Алдыңғы қатарлы технологиялар мен тәсілдерді іс жүзінде қолдану мақсатында «Жаңа қала» ШҚ» ЖШС жем-шөп егілген алқаптарына саяхат ұйымдастырылды. Қожалық басшысы Қайрат Тұрлыбаев егістік басында шетелден әкелінген егін жинау техникасымен таныстырып, сонымен бірге жем-шөпті өсіру технологиялары туралы айтты.

«Жаңа қала» ШҚ» ЖШС 1998 жылы Павлодар ауданының Григорьевский ауылдық округінде құрылған. Аз уақыттың ішінде шағын жекеменшік ауылшаруашылық қожалығы  ресми түрде асыл тұқымды мал өсіру дәрежесі берілген ірі заманалы өндіріс орнына айналды.

2013 жылдың қыркүйек айында 340 мал басына арналған, Германияда жасалған «Елочка-20» заманауи сүт-тауарлық кешені пайдалануға берілген.  Агрофирмада малдарды жемдеуге арналған жеке жем-шөп базасы бар. Қожалықтың негізгі аналық мал басын симменталь тұқымды сиырлар құрайды. Бұл тұста олардың генофонды ұдайы жаңартылып, жақсарып отыратын да айта кету керек. Бүгінде кәсіпорын – павлодарлықтарды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған көп салалық өндіріс, сүтті-етті конвейер. Мұнда шамамен 100-ге тарта адам жұмыс істейді. Қожалық өз жұмысында қазіргі заманғы сауын құрылғыларын, жем-шөп ұсақтауыштар, тракторлар мен өзге де озық жабдықтарды қолданады.

Семинарға қатысушылар сүтті ірі қара малды бағу жəне сауу процесіне куə болып, сонымен бірге сүтті сақтау жəне əзірлеу орындарымен, қожалық базасында қолданылатын өзге де инновациялық технологиялармен танысты.

Семинар фермерлерге пайдалы болды, себебі олар жаңа білім үйреніп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Асыл тұқымды малға күтім қажет
6 Қыркүйек
2016
Қостанай облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер