«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Билік пен бизнестің тіл табысуы

2016 жылғы 22 Тамыз
- Павлодар облысы
12348 просмотров

Павлодарлық бизнесмендер өңірлік Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Николай Дычкоға өз мәселелері туралы баяндап берді

Мәселен, «Манас-ПВ» ЖШС өкілінің айтуынша, әкімшілік-тұрмыстық және сауда нысандары бар көпқабатты тұрғын үй кешенінде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Оған себеп, бірнеше рет сұрау тастағанына қарамастан, «Павлодар жылу желілері» ЖШС олардың №13 жылу магистралінің жылу желілерін өшіру туралы өтінішін ескермей келеді.

Мәселе облыс әкімінің жергілікті кәсіпкерлермен кездесуі барысында шешілді.

«Амрешов» ЖК «Сары Арқа» шағын ауданынының нақты жоспарлау жобасына қатысты мәселе көтерді. Бұрын кәсіпкер осы мәселемен бизнес-омбудсменге жүгініп, өзінің бизнес нысаны орналасқан жердің жанынан тұрғын үй құрылысының салынуына алаңдаушылық білдірген. Әкімшілік өкілдерінің хабарлауынша, кәсіпкердің құқығын бұзуға жол бермеу үшін тұрғын үй құрылысының жоспарына өзгерістер енгізіледі.

Николай Дычко қандай жағдай болмасын кәсіпкердің құқығы бұзылмауы керек екенін айтты. Сонымен қатар, ол кәсіпкердің дер кезінде жүгінуі, жобалау кезеңінде өзгерістер енгізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Квоталар механизімін қолдану «КРЗ-ПВ» ЖШС мәселесі бойынша ұсынылды. «КРЗ-ПВ» ЖШС жабын материалдарын үздіксіз дайындауды қамтамасыз ету үшін М-100 маркалы мазут бөлуге көмек сұраған болатын.

Кездесудің қорытынды сөзінде облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко, осындай кездесулер – бизнес пен билік арасында, өңірлік палатаның алаңында өткізілетін жақсы тәжірибе екенін алға тартты. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кәсіпкерлерлердің мәселелерін бірлесіп талқылау барысында, кәсіпкерлердің жеке дара қолынан келмейтін көптеген күрмеуі қиын сұрақтары мен мәселелері тез арада шешімін табады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер