Еңбек дәстүрін насихаттауға арналды
Өспен аграрлық-техникалық колледжінің студенттері ауыл шаруашылығы агрегаттары мен қосалқы бөлшектерін өндіру технологиясының барысымен танысты
Кәсіпкерлер палатасының Өспен ауданындағы филиалы Еңбек күнін атап өту аясында, «Фермер шаруашылығы» факультетінің студенттері үшін Павлодар облысының жетекші агроөнеркәсіп кәсіпорны саналатын «Песчанский ремонтно-механический завод» ЖШС нысанына саяхат ұйымдастырды. Ауыл шаруашылығы техникасы үшін агрегаттар мен қосалқы бөлшектер өндіру жұмысымен қатар, балалар су жылыту қазандықтарын дайындау желісімен де танысты.
Еңбек күнін атап өтудің басты мақсаты еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жұмысшылардың көпжылдық дәстүрін нығайту болып табылады.
Зауыт директорының орынбасары Арман Алекпаров студенттерге ауыл шаруашылығы машиналарының стогометтері, культиваторлары, табандары қалай өндірілетінін көрсетті. Серіктестік қосалқы бөлшектерді шығарудан бөлек, ауыл шаруашылығы машиналары мен техникаларын жөндеумен айналысады.
Кәсіпорын қызметі 1958 жылы басталған және де тек ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеуге мамандандырылған болатын. Зауыт жылдар бойы қызмет етіп, аталған сала бойынша мол тәжірибе жинады. 80-жылдары зауыттың жұмысын кеңейту мақсатында тұқым сепкіш және оларды қалпына келтіру табандарын өндіру игерілді. Кейіннен өндірістік жинақтағыш, қатты отынмен жанатын болат су жылытатын қазандық дайындау жолға қойылды.
Саяхаттау барысында студенттер өндіріс жұмыстарына шынайы қызығушылықтарын білдіріп, білгісі келетін сұрақтарын қойды. Мысал үшін, су жылыту қазандықтарын дайындау желісімен танысу барысында, балаларды зауыт жеке үйлер үшін қазандықтар жасай ма деген сауал қызықтырды.
Палата филиалының директоры Сергей Пацаннның айтуынша, балалар саяхат барысында кәсіпорынның тарихымен жете танысты. Сондай-ақ зауытты аралау – көрнекі түрде студенттер үшін кәсіпорынның барлық жұмысын үйренуге жақсы мүмкіндік. Бұл міндетті түрде білім алуға оң әсерін тигізпек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: