Бизнесмен болам десеңіз...
Шарбақты ауданының тұрғындары кәсіпкерлік негіздеріне оқыды
Заманауи экономика бүгінгі таңда кәсіпкердің түрлі салаларда білімді болуын талап етеді. Бүгінде қаржылық сауатын ашып, бизнес саласындағы білім негіздерін, яғни бизнес-ортаның құпиясын және компанияның табысқа жету кілтін білгісі келетіндер саны күн өткен сайын артып жатыр.
Шарбақты аулының тұрғындарының да заман талабынан қалғысы жоқ. Олар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бес күн бойы бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгеріп шықты.
Тренер-кеңесші Анна Плотникова болашақ бизнесмендерге қаржылық жоспар құруды үйретіп, маркетинг және өнімді өткізу негіздерімен таныстырды. Сонымен қатар, тренингке қатысушылар үшін жобаны техникалық-экономикалық жағынан негіздеу жөніндегі, сондай-ақ кәсіпорынды және ондағы қызметкерлерді басқару әдісі де бір кәделеріне жарары сөзсіз.
Шарбақтылықтарды кәсіпкерлік қызметтің жай-жапсары, өндірістің тиімділігі, табысқа жету мерзімі, бизнесті дамыту кезеңіндегі шығын түрлері, салықтық төлемдер, сондай-ақ болашақ өнімнің өзіндік құнын есептеу сияқты сұрақтар қызықтырды. Қойылған сұрақтарға білікті тренер-кеңесші толықтай жауап берді.
Палатаның Шарбақтыдағы филиалының директоры Әмір Байсовтың айтуынша, бизнес негіздері бойынша алған білім өте пайдалы әрі ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін ашуға көмектеспек.
Бизнесін жаңа бастап жатқан бизнесвумен Оксана Павленко осы оқыту шарасын өткізудің пайдасы мен қажеттілігін атап өтті. Бұл, әсіресе, жеке істі ашудың бастапқы кезеңінде қажет-ақ. Айта кетерлігі, барлығын есептеп, бизнес-жоспарын құрып алған соң, Оксана ірі қара мал бағумен айналыспақ. Сол арқылы Алексеевка және Шарбақты ауданының маңайындағы ауылдарды сүтпен және етпен қамтамасыз етуді мақсат тұтады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: