«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Австриялық бизнесмендерді өңірдегі кәсіпорындар қызықтырады

2016 жылғы 05 Қазан
- Павлодар облысы
10301 просмотров

Австриялық бизнес тобы іскерлік сапармен өңірде болды

Австриялық бизнесмендер Қазақстан Республикасындағы Австрия елшілігінің ұйытқы болуымен облысқа келді. Кәсіпкерлер  іскерлік сапарда өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетімен танысып, өз бизнес-бастамаларын таныстырды. Олардың қатарында, мұнай-химия және өнеркәсіп саласы, көлік қызметтері мен логистика, мейрамхана бизнесі бар.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен австриялық кәсіпкерлер тобы мен облыс кәсіпкерлерінің кездесуінде Қазақстан мен Австрия сауда-экономикалық қатынастарды қарқынды түрде дамытып жатқандығы туралы айтылды. Бұл ретте, қос тараптың іскерлік қатынастарының болашақтағы мүмкіндігі бұдан да ауқымды болмақ.

«Павлодар облысы – индустриялық облыс. Мұнда металлургия, мұнай-химия, химиялық сала мен отын-энергетика кешендері шоғырланған. Өңір бірнеше салалар бойынша Австриямен тығыз жұмыс жасауда, осылайша 2015 жылы ішкі сауда айналымы 5 млн астам долларды құрады.  Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 8%-ға артық. Бүгінгі кездесу сауда-экномикалық қатынастарды нығайтуға жол ашып, жалпы сауда көлемін арттыруға септеседі», – деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов.

Өз кезегінде, австриялық топтың жетекшісі, Австрия елшілігінің сауда жөніндегі атташесі Филипп Винклер екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін жеткізді.

«Қазақстан Австрия үшін негізгі серіктес және еуразиялық елдер арасында ерекше орынға ие елдердің бірі. Біздің ел Қазақстанмен салыстырғанда шағын, алайда бізде ауқымды жетістіктерге жеткен салалар бар. Бұл салаларда біз бірлесе жұмыс жасар едік. Біздің мақсатымыз – сіздердің өңірлеріңіздің мүмкіндіктерін тыңғылықты зерттеп, бірлесе жұмыс жасаудың тиімді жолдарын құру болып отыр»,– деді Ф.Винклер мызра.

B2B кездесуі аясында Австрия және Павлодар облысы кәсіпкерлерінің келіссөздері өткізілді. Онда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары сөз етілді. Бастысы, тараптар нақты кәсіпорындар деңгейінде бірлесе жұмыс жасауға келісті. Оның ішінде, кәсіпорындарды аралау да жоспарда бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер