«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жалынды жастарды қолдау жолында

2016 жылғы 07 Қазан
- Павлодар облысы
10992 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында Жас кәсіпкерлер мектебі жұмысын бастады

Болашақта табысты кәсіпкер болғысы келетін белсенді жастар, сондай-ақ өз ісін жүргізіп отырған жас кәсіпкерлер тәжірибелі сарапшылардан бизнестің қыр-сырын үйреніп, білімін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Қуаныш Досмағұлов, саналы ой мен өсуге кедергі болатын бизнестегі барлық қиындықтарды жеңіп шығу басты орында екенін атап өтті.

«Бизнестің бастапқы кезеңі таза ақ парақ секілді. Істі басқалар жүзеге асырған идеямен бастау міндетті емес. Бүгінгі таңда жастардың өздерінің жеке бизнес бастамаларын жүзеге асыру үшін шығармашылығы мен білімі жеткілікті. Біздің мақсатымыз – оларды дұрыс бағытқа салу, бизнес-жоспарды дұрыс құруды үйрету, жалпы алғанда өз-өздеріне деген сенімділігін арттыру. Мен жастарға бизнеспен өмір сүру керек деп түсіндіремін», – деп атап өтті бизнес-жаттықтырушы.

Мектептегі оқыту әртүрлі ынталандыру және талдау тренингтерінен тұрады. Тыңдаушылар бизнесмендер сияқты ойлап, талқылауға үйренеді.

Осындай тыңдаушылардың бірі – Даниил Лавиков. Оның бүгінде «Грант калькулятор» атты білім беру жобасы бар. Және де ол өзінің оқу орнының аясында оны жүзеге асырып жатыр.

«Менің жобам әзірге пайда әкеле қойған жоқ. Біз оны қазір өзіміз білім алып отырған университетте сынақтан өткізіп жатырмыз. Жас кәсіпкерлер мектебіне жобаны жүзеге асыру барысында туындаған мәселелерге жауап алу үшін келдім. Қазір барлық мәселелерімнің шешімін тауып, басқаша ойлай бастадым деп сеніммен айта аламын», – деп жас кәсіпкер ойымен бөлісті.

Дамир Серікбаевты ойландырып отырған сауал: «Өз кәсібіне сұранысты қалай арттыруға болады?» деген мәселе.  Жас кәсіпкер студент кезінен бастап, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Алайда, оның айтуынша, қазір тапсырыс берушілердің саны көп емес.

«Кәсіпкерлер мектебіне өз бизнесімді тұтынушылар арасында қалай тартымды етуге болатынын, және өзімнің негізгі қателігімді білу үшін келдім. Бірнеше күндік оқудың арқасында өзімнің стратегиямды одан әрі қай бағытта құруға болатынын үйрендім», – деп атап өтті Дамир.

Айта кетерлігі, Жас кәсіпкерлер мектебі – «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіліп, жастар арасында кәсіпкерлік қызметін насихаттауға бағытталған.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған қадамның операторына айналды. Біздің басты міндетіміз – жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу, олардың кәсіпкерлікпен айналысудағы белсенділігін арттыру, сондай-ақ жастарға болшақта бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін пайдалы білім беру», – деді ӨКП Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Жанетта Қайырова.

Оқу соңында тыңдаушыларға сертификат табыс етіледі. Ал мүмкіндігі жоғары жобалар, сарапшы комиссияның іріктеуінен өткеннен кейін, Кәсіпкерлер палатасының толық қолдауына ие болады. Олар жобаның жүзеге асырылуынан бастап, алғашқы табысын алғанға дейін көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер