«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бір гранттың мың шарапаты

2016 жылғы 14 Қазан
- Павлодар облысы
11344 просмотров

Қашырлық кәсіпкер жүннен жасалған көрпе, жастықтар шығара бастады

Мұның ауылды жерде өте сирек кездесетін бизнес екенін айта кетуіміз керек. «Дамма» ЖШС директоры Мұхаметқалы Досжанов өз идеясын Кәсіпкерлер палатасында оқудан бастады, кейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында сомасы 2 млн теңгеден асатын грант иегері атанды.

«Бизнес салыстырмалы түрде жақында құрылды, қазіргі таңда біз айына 50-ге жуық көрпе мен жастық шығарамыз. Материалды аудандағы барлық ауыл тұрғындарынан аламыз. Өнімге сұраныс бар. Бұйымдарды ауданда ғана емес, облыс бойынша сатуды және Астанамен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», – дейді кәсіпкер.

Одан бөлек, бизнесмен жүннен тойбастарлар мен  ұлттық бұйымдар жасауды жоспарлауда.

Кәсіпкер жеке ғимараты жоқ болғандықтан, оны жалға алып, өндірісін жүргізіп жатыр. Келешектегі мақсаты – қой жүнін жууға және кептіруге арналған құрылыс салу үшін жер телімін алу және жүн түтетін құрылғы орнату. Кәсіпкерге осы мақсатын іске асыруға аудандағы ӨКП филиалы көмек береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер