«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кооперативтер кәсіпкерлердің тынысын кеңейтіп келеді

2016 жылғы 26 Қазан
- Павлодар облысы
7843 просмотров

Кооперация – табыс кілті, деп санайды облыс кәсіпкерлері

Бүгінгі таңда өңірде 20-дай ауылшаруашылық кооперативі құрылып, қызу іске кірісіп кетті. Олар күштері мен мүмкіндіктерін біріктіріп, табыстарын еселеуді көздеп отыр.

Мәселен, өңірдегі ірі ауылшаруашылық кооперативтерінің бірі – «Ертіс Агро» АӨК жалпы егістік алқабы 200 мыңдай гектар болатын ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің басын қосты. Нәтиже де жоқ емес: уақытылы қаржыландырудың, 700 млн теңгелік кепілсіз несиенің арқасында көктемгі дала жұмыстары жүргізілді. Айта кетерлігі, кооперативке ұсақ шаруа қожалықтары ғана емес, бұрыннан өз бетінше сенімді түрде жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтар да кірген.

Шаруалардың пікірінше, кооперативтің пайдалы жақтарының бірі – қағазбастылықтан босатады. Нәтижесінде уақыт та үнемделеді.

Айта кетерлігі, облыстағы  аудандар мен моноқалаларда бұдан да ұсақтау болғанмен, мақсаттары айқын ауылшаруашылық кооперативтері құрылып жатыр.

Әсіресе, Май ауданының шаруалары белсенділік танытып келеді. Бүгінгі таңда мұнда 3 шаруа қожалығы мен 93 жеке қорай-жайдың басын қосқан 8 ауылшаруашылық кооперативі құрылған. Олар негізінен мал өсіреді. Ондағы ірі қара малдың саны 1005 бас болса, қой – 900 бас және 21 ауылшаруашылық техникасы бар. Өсімдік өсірумен айналысатын 1 ауылшаруашылық кооперативі жұмыс істейді.

Облыстың өзге аудандарында шаруалар мал өсірумен қатар, «жеміс өсіру», «сүт» бағыттары бойынша да біріккен. Келешекте ара өсірумен айналысатын кооператив құру жоспарланып отыр.

Ауылшаруашылық кооперативтерін жергілікті жерлерде Кәсіпкерлер палатасының филиалдары сүймелдеп келеді. Атап айтсақ, кооперативті ашуға, тіркеуге, субсидия мен лизингке техника алу алуға жәрдем беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер