«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тұжырымдама ауылдарда талқыланды

2016 жылғы 17 Қараша
- Павлодар облысы
6666 просмотров

Облыс кәсіпкерлері агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасына қолдау білдірді

Талқылауды облыстық Кәсіпкерлер палатасы Ақсу ауданында ұйымдастырды, қатысушылар саны да көп болды. Жиналған қауымның пікірінше, құжат АӨК саласын дамытудың маңызды тұстарын қамтиды.

Алайда талқылау кезінде ауыл бизнесмендері бірқатар ұсыныстар айтты.

Мәселен, ауыл тұрғындары ауылшаруашылық кооперативтеріне қатысушылар санын өзгертпей, бұрынғысынша 3-5-тен 20-ға дейінгі аралықта қалдыруды ұсынды. Өйткені бұл, олардың пікірінше, экономикалық жағынан тиімді. Сондай-ақ бұл шара құрылтайшылардың сенімін нығайтып, кірістерді бөлу барысын тәртіпке келтіреді және ішкі рәсімдерді, міндеттерді реттейді.

Несиелендіру саласына қатысты ұсыныстар да айтылды. Көптеген бизнесмендердің пікірінше, қолжетімді несие түріндегі мемлекеттік қолдау көрсету кезінде ауылшаруашылық кооперативтеріне қатысушылардың санын қаперге алу қажет: 3-тен 20-ға дейін құрылтайшысы бар ауылшаруашылық кооперативтеріне 10 млн теңгеге дейін несие беріледі. Ал ауылшаруашылық кооперативтерінің құрылтайшылары 20 немесе одан да көп болса, 50 млн теңге немесе одан да көбірек сома бекітіледі.

Несиелендіру мерзімін арттыру, ауылшаруашылық кооперативтері үшін екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттарында пайыздық мөлшерлемені 2-3%-ға дейін қысқарту туралы ұсыныстар да ортаға салынды. Бұл ауылшаруашылық кооперативтерін тезірек дамытуға және күшейтуге көмектеседі. Өнімділікті және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бойынша субсидиялар бөлу кезінде ауылшаруашылық кооперативтері үшін мал басының сандық көрсеткіштерін ескеру де маңызды.

ӨКП агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Жомарт Сембаев барлық айтылған ұсыныстар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберіледі және кейін олар АӨК Тұжырымдамасын талқылау барысында қаперге алынады, деп сендірді.

«Кәсіпкерлер сындарлы ұсыныстар енгізді. Бұл олардың көзқарасы, өйткені соның салдарынан АӨК-тің талқыланып жатқан тұжырымдамасы аталған саланың одан ары қарай дамуын анықтайды. Сондықтан кәсіпкерлердің әрбір ұсынысын ескеру қажет. Біз, Кәсіпкерлер палатасы ретінде, АӨК тұжырымдамасын тиімді іске асыруға көмектесуге дайынбыз», – деп атап өтті Сембаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер