«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңес басшысы – Литваның Құрметті консулы

2016 жылғы 25 Қараша
- Павлодар облысы
7113 просмотров

Павлодар қаласында Литва Республикасының Құрметті консулдығын ашудың салтанатты рәсімі өткізілді

Атаулы іс-шара үшін өңірге Балтық жағалауы елінен арнайы делегация келді. Оның құрамында Қазақстандағы Литваның Төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас, Литва Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Ричардас Шлепавичюс, Литва Республикасы елшілігінің үшінші хатшысы Адомас Давалга болды. Сондай-ақ, іс-шараның құрметті қонақтары ретінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов қатысты.

Дипломатиялық өкілдік Литва Республикасымен барлық қызықтыратын салалар бойынша өңірмен өзара ынтымақтастықты орнату мен дамытуға қызмет ететіні жоспарлануда.  

Витаутас Наудужас мырзаның айтуынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ішінде мемлекет көптеген жетістікке жетті және де осы жетістіктер тек қана арта түсетіндігіне сенім білдірді.  

«Халықтар арасындағы достастық тың ойлар, иннвациялар мен қызығушылықтар пайда болғанда нығаяды. Қазақстанда осы жылдар ішінде зор жұмыс атқарылды. Қазақстан елінің Тәуелсіздігі тек ел үшін ғана емес, бүкіл ғалам үшін маңызды. Бұның бәрі ел Президентінің саясаты арқасында болып отыр. Қарым-қатынасымыздың тиімді дамитынына сенімдімін», - деді Витаутас Наудужас мырза.

Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов те белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

«Құрметті консулдықтың ашылуы екі ел арасындағы қатынасты тек нығайта түспек. Біз өзара ынтымақтастыққа, осы бағытта барлық қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді қала басшысы.

Кездесудің басты қорытындысы Литва Республикасының Павлодар облысындағы Құрметті консулын тағайындау болды. Осы маңызды лауазымға облыстық Кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы, өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Райхангүл Сатабаева тағайындалды.

«Көрсетіліп отырған сенңмдеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сауда-экономикалық миссияны, мәдени қарым-қатынасты дамыту бойынша ортақ жұмысқа бар еңбегімді, үлесімді қосамын. Біз бір отбасы болып, бірігуіміз қажет. Осы бағытта мен барлық тәжірибемді қолданамын», - деді Литва Республикасының Павлодар облысындағы Құрметті консулы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер