«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жастардың бастамалары қаржылық қолдауға ие болуда

2016 жылғы 02 Желтоқсан
- Павлодар облысы
7537 просмотров

Жас кәсіпкерлердің бизнес-жобалары инновациялық қырымен таң қалдырды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер мектебінің» түлектері бизнестің негіздері туралы білім алып болды, енді олар өз жобаларын одан әрі дамытпақ.  

Мәселен, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен» 1 орын алған Даниил Лавриковтың «Гранттық калькулятор» жобасы сәтті шықты, ол өз шығынын бір жылдың ішінде ақтамақ.  

«Бұл идеямды Павлодарда жүзеге асырмақпын. Жобаның құны шамамен – 1 млн теңге. Екі адамды жұмысқа алуды жоспарлап отырмын. Бұл өнім талапкерлерге онлайн-режимде алдын ала тапсырылған тестік емтиханның негізіне сүйеніп, елдегі кез-келген оқу ордасын таңдауға мүмкіндік бермек. Сол арқылы оқуға ынталы жастардың дұрыс мамандық таңдау мүмкіндігін арттырады, бұл бүгінгі таңда өте өзекті нәрсе»,– дейді Даниил.

Абай Аманның жыл бойы жер астындағы өндірістік жылыжайда қызанақ өсіруге арналған жобасы да өміршең.

Жобаның инновациялық тұсы мынада: бір жылыжайда екі технология қатар қолданылады. Олар жер астында өсіру технологиясын қолдану және гидропон – аэропон технологиясын енгізу, бұл өнімділікті үш есе көбейтуге мүмкіндік береді.

«Жобаның мақсаты – технологияны өңдеп, франшизаға лайықтап, оны «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтудың картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыруға дайындау. Франшиза тұрғындарды мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ынталандырады», – деп атап өтті жобаның авторы.

Осы идеяны жүзеге асыруға 3 млн теңге керек, сонда бір жыл ішінде жоба өз өзін ақтамақ.

«Жас кәсіпкер мектебінде» оқыған Жанна Каримова да өз жобасын ұсынды, ол «КZ жастары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» деп аталады. 

«Бұл жоба елдегі жастар үшін ақпараттық әлеуметтік желіге айналады. «Кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген сөз бар. Осы бағытта менің идеям жастарға өтетін шаралар, байқаулар туралы ақпарат беріп, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға көмектесетін болады», – деп түсіндірді жас бизнесвумен.

Бұл жобаны іске асыру құны – 1 млн теңге, өтелетін мерзімі – бір жарым жыл, жұмысқа – 10-15 адам керек.

«Жас кәсіпкерлер мектебі» қатысушыларының қаржыландырылып үлгерген бизнес-жоспарлары барын айта кету керек. Олар ондай мүмкіндікке Павлодар қаласында 2 қараша күні өткен «Ертіс Инвест-2016» халықаралық инвестициялық форумы кезінде ие болды. «Мобильді интернет трафикті үнемдеу» және «Салтанат кешіне арналған көйлектерді жалға беру салоны» деген жобалар Жастар бастамаларын дамыту орталығынан жалпы сомасы 600 000 теңге болатын грант ұтып алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер