«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ресейде марапатталды

2016 жылғы 13 Желтоқсан
- Павлодар облысы
6392 просмотров

Павлодарлық кәсіпкер Глюзя Алпысбаева ресейлік «Перспектива» өңірлік даму қорының медалін иеленді

Салтанатты марапаттау рәсімі Ресей Федерациясының Кемерова қаласында «Перспектива региона-2016» атты шағын және орта бизнес басшыларының өңіраралық конгресі аясында өтті. Іс-шара мақсаты – билік ұйымдары мен бизнес арасындағы байыпты байланысты нығайту, кәсіпкерлерге өз жұмыстарының дамытуда көмек көрсету, билік пен бизнесте, қоғамда басшылардың беделін арттыру.

Конгреске Ресейдің әрі өңірінен 130 бизнесмен, сондай-ақ Қазақстаннан екі өкіл қатысты. Олардың қатарында бизнесвумен, облыстық Кәсіпкерлер палатасының Ақсу қалалық филиалының директоры, көрнекті қоғам қайраткері Глюзя Алпыспаева да болды. Оған «Сауда және қоғамдық тағамтану саласындағы айрықша еңбегі үшін» медалі және «Өңірлердің алтын қоры» қоғамдық мойындау сыйлығы лауреатының дипломы табыс етілді.

«Мен марапатталған кәсіпкерлер қатарында болғаныма бақыттымын. Шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті проблемаларын талқылауға жиналған  ізденімпаз, кәсіби адамдардың жылы шырайы жанға жылу береді. Конгресс екі ел кәсіпкерлерінің серіктестігі мен достығын әрі қарай нығайтуға ықпал жасайтынына сенімдімін. Мен ресейлік «Перспектива» қоры берген марапатты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығына арнаймын», – деп атап өтті бизнесумен.

Глюзя Алпыспаева 2003 жылдан бері бизнесте табысты еңбек етіп келеді. Екі рет Ақсу қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Республикалық «Парыз» байқауының алтын мүсіні мен диломының иегері. 2014 жылдан бері Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Ақсу филиалының басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер