«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Заңсыз айыппұл күшін жойды

2017 жылғы 18 Қаңтар
- Павлодар облысы
6279 просмотров

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы кәсіпкерге заңсыз салынған айыппұлдың күшін жоюға көмектесті

Кәсіпкерлер палатасының қолдауының арқасында бизнесвумен Татьяна Беспалова айыппұл санкцияларынан аман қалды. Мемлекеттік кірістер басқармасы бір рет орын алған құқықбұзушылыққа екі рет айыппұл салмақ болған.

ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Сейфолла Қасымқанов айтып өткендей, «Беспалова» жеке кәсіпкерлігі Палатаға салық заңнамасында көрсетілген заңбұзушылықты жою туралы ескертпе жіберген фискалды органдардың әрекетіне қатысты көмек сұрай келген.

Іс материалдарын зерттеу барысында анық болғандай, алкогольдік өнімдерді сақтауға және бөлшек сауда арқылы сатуға салынатын жыл сайынғы лицензия алымын дер кезінде төлемегені үшін, кәсіпкерге қатысты әкімшілік материал жасалған.

Оған қоса, Сейфолла Қасымқановтың айтуынша, Татьяна Беспалова бұған дейін де аталған жайт бойынша әкімшілік жауапқа тартылған. Ал заң нормаларында бір заңбұзушылық үшін екінші қайтара әкімшілік жауапқа тартуға тыйым салынған. 

Кәсіпкердің құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында Палата сарапшылары облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне арыз дайындады. Мұнда істі қарау нәтижесі бойынша арызды қанағаттандыру және қалалық салық қызметінің әрекеттерін заңсыз деп тану туралы шешім қабылданды. Осылайша, екінші рет айыппұл салуға жол берілмеді.

2016 жылы облыстық кәсіпкерлер палатасы жалпы сомасы 1 752 347 895 теңге болатын 98 кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаған.

Кәсіпкерлік қызметтің жағдайларын түбегейлі өзгертуге бағытталған пәрменді шара бизнес-омбудсмен институтын енгізу болып саналады. Оның жоғарғы мәртебесі мен кең ауқымды өкілеттігі қазақстандық бизнестің жүйелік мәселелерімен, шенеуніктердің жүгенсіздігімен және заңнаманың жетілмеген тұстарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Өткен жылдың шілде айында Павлодар облысына жасаған іссапары барысында бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов облыс әкімімен және прокурормен кездесіп, өңір кәсіпкерлерінің түйіткілді мәселелерін талқылаған еді.

Мәселен, жер телімдерін аукциондар арқылы беру жұмысы жандана түсті. Өткен кезеңде 7 аукцион өткізіліп (2015 жылы 4 аукцион өткізілген еді), уақытша пайдалануға 109 жер телімі берілді (2015 жылы 41 жер телімі берілген еді).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер