«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үйлесімді іс-қимыл «үлгерімді жақсартады»

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Павлодар облысы
5389 просмотров

Бизнес-қауымдастықтың өзекті мәселелері Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында талқыланды

Білікті мамандар қажет

Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ілиясова Кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі адам капиталын дамыту екенін айтты. Экономика салалары бойынша еңбек нарығының болжамды сұранысына тұрақты түрде талдау жасалып тұрады. Өңірлік кеңес мүшелері атап өткендей, өңірде еңбек ресурстарының сұранысы мен ұсыныстарының құрылымдық үйлесімсіздігі байқалады, яғни, техникалық мамандар, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында мамандар жеткіліксіз.

Облыс бойынша техникалық және кәсіби білім беретін барлығы 49 білім беру мекемесі бар, соның 34-і мемлекеттік, 15-і мемлекеттік емес.

Оның үстіне мемлекеттік білім беру мекемелерімен бәсекелестік процесінде бірқатар жекеменшік білім беру мекемелері оқу процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық базамен жабдықтау тұрғысынан алғанда, өздерін жақсы жақтарынан көрсетті. Жекеменшік колледждердің мемлекеттік тапсырыс алу мониторингісін талдай келгенде, ақылы білім беру қызметін көрсететін саладағы бизнесті қолдау қажетті байқалады. Осыны сөз ете отырып, Б.Ілиясова маман даярлауға ӨКП тарапынан мемлекеттік тапсырыс алуға көмектесу бизнестің осы саласын қолдаудың жалғыз мүмкіндігі екенін айтты.

Өз кезегінде Өңірлік кеңестің төрайымы Райхангүл Сатабаева өңірдегі кәсіпорындар үшін маман даярлау мәселесінің ерекше өзектілігін ескере келе, Өңірлік кеңес жекеменшік білім беру мекемелерінің мүдделерін есепке ала  отырып, ортақ шаралар жоспарын әзірлеуге кеңес беретіндігін атап өтті.

Сандар сөйлейді...

Жиында Палатаның бірнеше филиалдарының өткен жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды. Палатаның аудандық филиалдары үшін былтырғы жыл айтарлықтай жемісті болды, дегенмен бірқатар мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ.

Мәселен, Ақтоғай аудандық филиалының директоры Нариман Рақымжанов келтірген мәлімет бойынша, 2016 жылы филиал 22 кәсіпорынның ашылуына көмектескен. Мұнда пластикалық терезелер өндірісін, компьютерлік қызмет көрсетуді, ветеринарлық дәріхана, дөңгелек жөндеу орталығын, жылқы өсіру және тағы жобаларды атап өтуге болады. Филиал оң нәтиже берген, жалпы сомасы 320,1 млн теңге болатын 47 жобаны сүйемелдепті. Осыған қоса, Өңірлік кеңес ауданда қызмет көрсету саласы әлі толық қамтылмағанына назар аудартты.

Баянауыл аудандық филиалының директоры Самат Мақажанов ауданда барлығы 1440 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелгенін айтып өтті. Жоспарлы жұмыс барысында аудан орталығында сауда алаңдарын, жәрмеңкелер ұйымдастыру, аудан аумағында ішкі сауда ережелерін енгізу мәселелері шешімін тапқан. ӨКП директоры Серік Байсейітов ауданның ерекшелігін ескере отырып, туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға күш салу қажеттігін атап өтті. Мәселен, Самат  Мақажановтың айтуынша, жаз маусымы басталысымен, Сабындыкөл аумағында «Этноауыл» жобасын ұйымдастыру жоспарланған.

Палатаның Ертіс аудандық филиалының директоры Ерлан Жетпісов ӨКП мен облыстық прокуратура арасында жасалған меморандум бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Филиал жалпы сомасы 538,3 млн теңге болатын барлығы 140 жобаны сүйемелдеген.

Өңірлік кеңестің төрайымы Райхангүл Сатабаева жиналысты қорытындылай келе, мұнда өңірдің іскерлік ахуалын жақсарту мақсатында бірігіп талқылауды қажет ететін мәселелер талқыланатын сындарлы сұхбат алаңы қалыптасқанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер