Бухгалтерлерге инновациялар туралы айтылды
Бухгалтерлер клубының кезекті жиналысында инновациялар статистикалық тұрғыдан қарастырылды
Жиналысты ашқан Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Анел Жанпейісова ӨКП алаңында түсіндіру семинарларын өткізу жақсы дәстүрге айналғанын айтып өтті. Мұндай дөңгелек үстел басына жиналған бухгалтерлер есеп, салық, еңбек заңнамаларындағы маңызды, түйіткілді мәселелерге қатысты ақпараттарға қанығады.
Жиында сондай маңызды мәселелердің бірі – кәсіпкерлердің инновациялар саласындағы статистикалық есеп-қисаптардың формасын қалай толтыру керектігі сөз болды.
Статистика, сауда және қызмет көрсету басқармасының басшысы Александра Алексеенко «инновация» түсінігі туралы айтып, аталған салада статистикалық есеп-қисап жүргізу не үшін қажет екенін егжей-тегжей түсіндірді. Кәсіпорындар толтыратын есепте инновациялық белсенділік, шығарылған және өткізілген өнімдердің көлемі туралы мәліметтер болады, яғни кәсіпкер бұл есепте қызмет және инновациялар енгізу саласындағы өзінің жұмыс нәтижесін көрсетеді. Статистикалық есеп-қисап формасын толтыру кезінде жиі жіберілетін қателер сөз болып, ол үшін қандай жауапкершілік жүктелетіні түсіндірілді.
Кәсіпкерлер ұсынатын статистикалық есеп-қисаптардың саны да назардан тыс қалмады. Бұл тұста Бухгалтерлер клубына қатысушылар статистикалық мәліметтер формасындағы қайталанатын мәліметтерді алып тастау туралы ұсыныс білдіріп, есеп-қисап формаларын жеңілдету қажеттігін айтты.
Бухгалтерлер клубында көтерілетін мәселелердің өзектілігін ескере отырып, қатысушылар мұндай кездесудің маңыздылығын атап өтті. Клубтың келесі жиынында алкоголь және темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу мен пайдалану ережелері қаралады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: