«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түйткілді мәселенің түйінін шешу үшін

2017 жылғы 06 Наурыз
- Павлодар облысы
5765 просмотров

Жұмысты бірлесе атқаруға арналған кездесу

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес-қоғамдастықтың, прокуратура мен жергілікті атқарушы органның өкілдері кәсіпкерлерге салмақ түсіріп отырған мәселелерді талқылады.

Ең өзекті мәселенің бірі деп өңір кәсіпкерлері бақылау органдарының тексерулерін, сот шешімінің орындалмауын, ҚҚС төлеушілерді тіркеу есебінен заңсыз шығару, жалған кәсіпкерлікке жала жабу секілді мәселелерді көтерді. Олардың ойынша мұның барлығы да негізсіз. Бизнестің мемлекеттік органдарына деген шағымы қаншалықты орынды екенін «Ашық есік күндері» аясында өткізілген жиын барысында қарастырды.

Өңірлік палата директорының орынбасары Мәди Сыздықов атап өткендей, кәсіпкерлермен тілдесу форматы бекер таңдалмаған, себебі Кәсіпкерлер палатасы үшін тек бақылау функцияларының мақсатқа сәйкестігі туралы бизнестің пікірін тыңдау ғана емес, мәселелер шоғырын тікелей бақылау құрылымдарына жеткізуде және олардың шешімін тездетуге қандай тосқауылдар бар екенін білу маңызды. Ал іс жүзінде мәселелер аз емес. Бизнесмендер ең уақыты жеткен мәселелерді ортаға салды.

Мысалы, «Рино-ПВ» ЖШС жетекшісі Ринат Ахметбеков көп уақыттан бері кәсіпорын үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жиналуына қатысты норманың жоқтығы туралы мәселені шеше алмай келе жатқаны туралы айтты. Шындығында, кәсіпкер мүлде болмаған қоқысты шығару үшін ақша төлеуге мәжбүр.

«Жаңа құрылыс Асар» өндірістік-құрылыс бірлестігі ЖШС директоры Естай Мұқанбаев прокуратураға сот шешімінің орындалмайтындығына қатысты шағымданды. Мемлекеттік кірістер департаменті бизнесменді жалған кәсіпкерлік айыбын таңғанына шамамен бір жылға жуық уақыт болған. Бұл айғақ сотта дәлелденбеген, дегенмен кәсіпорын ҚҚС төлеушілер тізімінде қайта енгізілмеген. Осылайша бұл оқиға компания жұмысының жағдайына қиындық тудырған.

«Севиль» шаруа қожалығының басшысы Наталья Кузьменко ауыл шаруашылығына арналған жер учаскесінің кадастарлық құнын анықтауға қатысты түрлі мемлекеттік органдарға бірнеше рет жүгінген. Фермерді жер учаскесін рәсімдеуде жалған құжат қолданды деп айыптаған.

Тағы бір Ризагүл Тұрсынова есімді кәсіпкер әйел санитарлық дәрігерлер тарапынан үздіксіз жүргізілетін тексерулер туралы айтты. Оның мәліметінше, тексерушілер негізсіз талаптар қойып, өздерін дөрекі ұстайды. Сонымен қатар, санитарлық дәрігерлер санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына қатысты ақпаратты дұрыс бермей, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Алайда, санитарлық дәрігерлер кәсіпкердің айтқанымен келіспей, балабақша санитарлық маңызы жоғары нысанға жататындығын, оған қойылатын талаптар негізді екенін айтты.

«Швейная фабрика» ЖШС директоры Ақбұйма Тасекешова кәсіпорынға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігіне тап болған. Оған орай шетелдік жұмыс күшін тарту процедурасын түсіндіріп, маман мәселесін айтарлықтай шешетін дуальды білім беру жүйесіне қатысу мүмкіндігін қарастыруға кеңес берді.

Прокуратура айтылған мәселелерге қатысты түсіндірме жұмысын жүргізіп, негізсіз немесе қайталанатын санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына қатысты өзгетулер енгізуге ұсыныстарын беруге кеңес етілді. Сонымен қатар, прокуратура мән-жайды толық анықтау керекті мәселелердің әрқайсысын егжей-тегжейлі тексеруге уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер