«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарға Омбы кәсіпкерлері келеді

2017 жылғы 14 Наурыз
- Павлодар облысы
4817 просмотров

Омбы кәсіпкерлері Павлодар облысына келген сапарда инвестициялық мүмкіндіктері жайлы айтып, екі жақты тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті

Көршілес елдің делегациясы арнайы экономикалық аймақ территориясында орналасқан бірнеше кәсіпорынға барады. Омбылықтар электролиз зауыты мен темір-бетон құрылым зауытына баруды да жоспарлап отыр.

15 наурызда сағат 15-00-де Достық үйінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен бірге «В2В» кездесу өткізеді. Кездесуде мұнай химия кешені мен энергетика, машина жасау, прибор құрастыру мен металл өңдеу, агроөндірістік кешен, құрылыс және өнеркәсіптік материалдар, білім беру бағыттарына қатысты қызықтырған сауалдарын қойып, ақпарат ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер