«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйел болу – оңай шаруа емес

2017 жылғы 17 Наурыз
- Павлодар облысы
8958 просмотров

Ақсу қаласының кәсіпкері табысты болудың құпиясымен бөлісті 

Елена Баяндинованың нәзіктігі мен көріктілігіне қарап, мықты бизнес-вумен екеніне сенбейсіз. Іскер әйел он алты жыл бойы тігін салоны мен дүкенге басшылық етіп келеді. Компанияның тігіншіліктегі бағыттарының бірі – ролл-перделерді тігіп, оларға шақтап,  темір қаңқа әзірлеу. Терезелерге көрік беретін кешенді жұмысты уақтылы әрі ұқыпты орындай алған ақсулық кәсіпкер жерлестерінің арасында танымал, Баяндинованың кәсіпкер ретінде өңірде беделі жоғары.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Елена Баяндинованың айтуынша табыстылықтың басты сыры – ұжымның ұйымшылдығында. Кәсіпкер жылдар бойы қасына жанына жақын, ойы да,  мақсаты да бір жандарды жинай алған. Қол астындағы  сатушылары, дизайнерлері, тігіншілері, киім пішушілеріне Елена жоғары дәрежелі мамандар ретінде  қарайды, олар туралы тек жақсы мінездеме береді. Өйткені қызметкерінің әрқайсысы әр үйге жайлылық пен әсемдік сылаудың шеберлері.

Әрине, мұндай кәсіпқойлыққа қол жеткізу арнайы  қолдау  нәтижесінде жүзеге асқан. 2015 жылы кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдауға жүгініп, өз өндірісін кеңейтпек болады да ролл-перделер дайындайтын цех ашады.    

Осы кезеңде белгілі бір қиындықтар орын алды. Оларды шешу үшін бизнес-вумен Ақсу ауадандық кәсіпкерлер палатасы филиалына жүгінеді. Елена Баяндинованың айтуынша Палата – кәсіпкерлерге белгілі бір мәселе бойынша жан-жақты ақпарат беріп, мәселенің шешілуіне дейін сүйемелдейтін бірден бір ұйым. Аталған қолдау арқасында  кәсіпкер жеке бизнесін ұлғайту үшін қажетті қаржыландыруға қол жеткізген. Бүгінде Елена Баяндинованың тігін салоны аяғына нық тұрған әрі кез келген тапсырысты орындай алатын  кәсіпорынға айналды.

Іскер әйел сонымен қатар отандық өндіруші сертификатының иесі, бұл құжат кәсіпкерге мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер палатасының Ақсу аудандық филиалының директоры Глюзя Алпысбаеваның айтуынша Елена Баяндинова «Іскер байланыстар»  жобаға қатысушы екен. Кәсіпкер жобаның бірінші кезеңінен сәтті өткен, екінші кезең бойынша Германияны сапарлауға дайындық жүргізіліп жатыр.

Кәсіпкердің ендігі мақсаты – компаниясы шығарып отырған өнімнің сатылым ұлғайту. Өз кезегінде Палата кәсіпкерлердің әр арыз шағымы мен өтінімдерін қарастыруға дайын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер