«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар жастары ІТ-технологиялары саласына басымдық береді

2017 жылғы 18 Наурыз
- Павлодар облысы
5287 просмотров

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «ІТ-технологияларындағы идеялар» атты байқауда жеңімпаз атанған жобалардың таныстырылым өтті

 Аталған байқауға өңірдің 14 пен 29 жас аралығындағы жастары қатысты, байқау мақсаты – жаңа технологиялар, жасөспірімді ғылымға баулу, таланттыларды анықтау. Байқайға қатысу үшін 36 өтінім түскен, барлық жобалар жұртшылыққа ұсынылып, қорғалған соң, олардың ішінен үздік 16 қатысушы іріктеліп алынды.  

Айта кетелік, жаңашыл жастар ұсынған жобалар қазылар алқасын өзінің бірігейлігімен тамсантты. Мәселен, «Бизнес кеңесші» жобасының түлегі Антон Толчин мемлекетіміздің көрікті жерлері мен ескерткешттеріне саяхаттайтын QR-гид атты интерактивті гидты таныстырды. Жобаның авторы еліміздің қалаларндағы сәулетті жерлерді таныстыратын ақпараттардың жоқтығын тілге тиек етті: «Сондықтан адамдар, туристтер қаланың тарихи жерлерінен хабарсыз болып жатады. Менің жобам бұл мәселені түкпілікті шешеді. Бір-екі секунд ішінде кез келген тарихи ескерткіш, су бұрқақ туралы толық ақпаратты беретін QR-гид таптырмас құрылғы. Сізге бар-жоғы QR-код берілген ақпаратты сақтап, не сканерлеп алу керек. Жобаның мақсаты – заманауи технологияларды қолдана отырып, қала туарлы жақсы ақпарат беру, таныстыру».

 «Атамекен» ҰКП «Бизнес кеңесші» жобасын тәмамдаған Ұзақ Әлфараби электронды коопреация плотфоррмасының танысытырылымын жасады. Бұл платформа белгілі бір ауыл шаруашылығы өнімін іздеп жатқан бірнеше ауылшаруашылықты, сол затқа тапсырыс берушілерді біріктіре алатын платформа. Жобалаушының айтуынша бұл электронды платформа шаруаларға тапсырыс берушілермен делдалсыз тікелей қатынас орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тез арада сүт, ет өнімдерін басқа өңірге сату, сатып алу үдерісін де жүзеге асыруда көмектеседі.

 ӨКП кәсіпкерлер мектебінің түлектері Айым Аманбекқызы мен Ангелина Арбуз да өз жобаларын ұсынды. Олардың жұмысы түлектер мен студенттерге арналған бірыңғай ақпараттық платформа. Онда студенттер базасы, статистикалық мәліметтер, Қазақстан жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат алуға болады. Бұл электронды платформада сондай-ақ, студенттер қызығатын түрлі оқиғалар мен шаралар туралы ақпарат та жарияланатын болады.

ӨКП бизнес-тренеры Қуаныш Досмағұловтың айтуынша жастар кәсіпкерлікке деген ынтасы зор. Дегенмен оларды ІТ-технологиялары қызықтырады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мақсаты  жалынды жастарды кәсіпкерлікке баулу, бастамаларын қолдау, ақпараттық сүйемелдеу, кеңес беру және жобаларын іске асыруға көмектесу болып табылады. Ал жастарда идеялар мен жобалар көп, оның ішінде инновациялаық бастамалар баршылық. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер