«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Свистуновтар ауылдастарына сапалы терезе әзірлейді

2017 жылғы 27 Наурыз
- Павлодар облысы
5095 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолдауы арқасында ауыл кәсіпкерлері өндірісін ұлғайтты 

Ақтоғайлық Свистуновтар әулетінің бизнесі бүкіл ауданға мәшһүр.  Олар туралы көпшілік жағымды пікірде, ауылдастар Свистуноватардың пластикалық терезелерді сапалы әрі арзан бағада орнататынын біледі.

Компания иесі Владимир Свистуновтың айтуынша олар әр тапсырыс берушінің көңілінен шығуға тырысып, оның барлық тілектерін ескеріп, уақтылы орындауға машықтанған. Ауыл тұрғындары ағаштан гөрі  қолдануда ыңғайлы, жылуды жақсы ұстайтын пластикалық терезелерді таңдайды. Сұраныстың нәтижесінде компания 8 жыл қатарынан үздіксіз жұмыс істеп келеді.  

Өндірісіті ұлғайту үшін кәсіпкерлер отбасына дайын өнімді тапсырушыға жеткізетін жүк көлігі қажет болды. Осы сұрақпен Свистуновтар Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келген. Палатада кәсіпкерлерге қолднасытағы кәсіпкерлерді қолдайтын, несие беретін мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді. Палат сарапшылары кеңес берумен ғана шектелмей, бұл жобаны толық сүймелдеуге алды.

Нәтижесінде «Сары Арқа»  бағдарламасы аясында кәсіпкерлер 3 млн теңге сомасында қаржыландыруға қол жеткізді. «Бизнес қазанында қайнап жатқаныма көп уақыт болды. Орын алатын кедергілер қашанда кездеседі. Сондықтан Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауы бізге жақсы көмек. Олардың сүймелдеуімен «Газель» жүк көлігін сатып алдық, енді дайын өнім мен пластикалық материалдарды тасымалдайтын боламыз. Енді жұмысымыз алға басады», – деді Ольга Свистунова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер