Кәсіпкер Палата қолдауымен өз кәсібін жандандырды
Шағын кәсіпкерлікте іскер әйелдердің үлесі үлкен екені баршаға мәлім. ӨКП Баянауыл аудандық филиалы басшысы Самат Мақажановтың айтуынша өңірде әйелдер кәсіпкерлігіне ден қойылған.
Заманға сай әрекет етуді Жаңажол ауданының тұрғыны Назым Баязитова қолға алған. Іскер әйел мектеп асханасына ыстық тамақ жеткізіп, ауыл тұрғындарына ауыл аумағын тазалау жұмыстары қызметін атқарып отыр.
Бастапқыда кәсіпкер қызмет көрсетуде өз қаржысы мен күшіне сенген. Уақыт өте келе ол қаржылық мұқтаждықпен кеңес алу үшін аудандық палата мамандарына жүгінеді.
Палатада кәсіпікерлікті кезең-кезеңмен дамыту бойынша есептеуге көмектесіп, бизнес-идеяны іске асыру құралдарын анықтап берді. Кеңес берушілер Назым Баязитоваға ауыл шаруашылық техникасы мен қосымша құрал-жабдықтарды лизингке алуды ұйымдастырып, оған қажетті құжаттар топтамасын әзірлеп, негізгі кепілзат болмағандықтан, сарапшылар қосымша кепілзат қою жолдарын көрсетті.
Осы арқылы назым Баязитова МТЗ-80 тракторын алып, қазіргі таңда аула тазалау бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлерге сенімді қатысып жүр.
Палата филиалы мамандарының айтуынша кәсіпкерлікті бастағысы келетін ауылдағы әйелдер мемлекеттік қолдау бағдарламалар туралы біле бермейді. Сондай-ақ, олардың бизнесті жүргізу, кәсіпкерлік негіздері бойынша білімдері жоқ. Осы бағытта палата жұмыс атқарып келеді.
Самат Мақажановтың мәліметінше Баянауыл ауданында 1400 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар, олардың ішінде 441 кәсіпкерлік әйелдерге тиесілі. Өңірлік палата әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға күш салмақ. Ал қаржылық қолдау алған «ИП Баязитова» Жеке кәсіпкерлігі келешекке сеніммен қарайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: