«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар өңірінің ірі кәсіпорындары жергілікті өндірушілерді қолдайды

2017 жылғы 17 Сәуір
- Павлодар облысы
8820 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті тауар өндірушілер ірі кәсіпорындармен кездесті

Бірлескен жиында жүйе құрушы кәсіпорындар мен өңірдегі тауар өндірушілердің қатысуымен жергілікті қамтуды арттыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Николай Дычко жергілікті қамту үлесін арттыру және тауар өндірушілерді қолдау мәселесіне баса назар аударды. Себебі бұл салалардың маңызы бұрынғыдан да артты. Жергілікті үлес – экономикалық дамудың тұрақты негізі, себебі халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, көптеген әлеуметтік міндетті шешу арқылы өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға тікелей әсер етеді.  

Мұнымен қоса, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау – бизнес үшін қалыптасқанды жаңғырту және жаңа өндірісті құрудың жаңаша мүмкіндіктері. Мысалы, өңірде 60 түрлі жаңа өнім шығару жолға қойылған, бұл осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстың жақсы көрсеткіші.

Сондықтан жергілікті атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті – жергілікті тауар өндірушілерді ұзақ мерзімді келісімшарт жасау шеңберінде өндірістік қуат жүктемесімен қамтамасыз ету.

Бірлескен жиын аясында В2В форматында бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Тауар өндірушілер өңірдегі кәсіпорындармен келіссөздер жүргізді. Бұл кәсіпорындар жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін тұрақты пайдаланып келеді. Олардың қатарында «Павлодар мұнайгаз зауыты» ЖШС, «Қазақстан аллюминиі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауытының бөлімшесі «Қазхром» ТҰҚ» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Богатырь көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы», «KAZ Minerals Бозшакөл» ЖШС бар.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Дәулет Шайпрановтың салынып жатқан нысандар мен қажетті тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсетулер туралы берген мағлұматы жиын қатысушылары үшін пайдалы ақпарат болды. Биыл облыста 71 нысанның құрылысы мен қайта жасалуы жоспарланған, оның ішінде тұрғын үйлер де қамтылған. Бұл нысандар бойынша негізгі қажетті құрылыс материалдары анықталып қойған.

Сонымен қатар, қатысушыларға «Павлодар электродты зауыты» ЖШС, «Интерпластик» ЖШС, «Сканер поставок» ЖШС кәсіпорындарының жұмысы таныстырылды.

Еселі еңбектің нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қорының Павлодар бөлімшесі, «АПИ» ЖШС мен «РНТЦ» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бірлескен кеңестің қорытындысымен тауарлар сатып алуға, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша шамамен 150,8 млрд теңге сомасындағы ниет-хаттамасына қол қойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер