Уақтылы жасалған көмек: ауыл тұрғыны бір көлікпен кәсіп бастады
Шербақты ауданының тұрғыны жүк тасымалы саласында бизнесін дамытып жатыр
Қайыргелді Оразов өзінің ГАЗ-53 жүк көлігімен жүк тасымалымен айналысып келген. Ауыл тұрғындарының көмір, шөп тасу, қоқыс шығару сынды қажеттілігі тапысырыстардың үзілмеуін қамтамасыз етеді.
«Дегенмен аудан аймағынан шығу әркез бола бермейді. Газ-53 көлігі үлкен әрі айдағанға ыңғайсыздай келеді, сонымен қатар жанармай шығыны да үлкен. Сондықтан көп жағдайда тасымалдау қашықтығы 100 км-ден асса, тапсырыс берушілермен ақшасына келіспей жатамыз. Өйткені, көліктің тоқығы жеткен», – дейді кәсіпкер.
Бизнесін жандандыру мақсатында Қайыргелді Оразов ӨКП Шербақты аудандық филиалы көмегіне жүгінеді. Палата менеджерлері кәсіпкерге «Бизнес-Кеңесші» курстарын оқуға кеңес береді. Оқудан соң кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы атанып, төмен мөлшерлі несиелеуге қол жеткізіп, 3 млн теңге сомасында қаржы алады. Осы қаражатқа жаңа және жүрдек «Газель» жүк көлігін сатып алады.
«Сәттілігімнің бастауында уақтылы жасалған көмек пен қолдауды айтуға болады. Өйткені ауыл тұрғындар мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы біле бермейді, қаржылық сауаттылығы да төмен, қалтасы да жұқа», – дейді ӨКП Шербақты аудандық филиалы директоры Нұржан Әбенов.
Бүгінде Қайыргелді Оразов тапсырыстарды ауадн аумағында ғана емес, сондай-ақ облыс деңгейінде де қабылдауда. Кеңістік ұлғайған соң отбасы табысы да артқан. Кәсіпкер алған білімдерінің кәдеге асып жатқанын алға тартты. Оның ойында бизнесті ұлғайтып, алға қарай ұмтылу.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: