«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балалар киімін тігетін кәсіпкер отбасы бизнесін құрды

2017 жылғы 31 Мамыр
- Павлодар облысы
7259 просмотров

Бүлдіршін киімі қандай стандарттарға сай тігілуі керек? Біріншіден, бала киімі сапалы, ыңайлы әрі көзтартарлық болуы шарт

 «Сонымен қатар киім тек сапалы, ауа өткізгіш, табиғи матадан тігілуі керек. Өйткені балалар терісі сезімтал келеді», – деді «Три Кота Ж» ЖШС директоры  Анастасия Барт.  

Кәсіпкер өндірісте сәбилер киімінің жиі жууға төзімді келетін маталардан жасалауына баста назар аударатынын айтты. Бұл жерде тек қана мата емес, сонымен қатар тігу мен пішудің де маңызы зор екен. Енді еңбектеп, қозғалғысы келетін сәбидің киімі де әлемді тануға үлес қосу керек.  

 Тігін кәсіпкерліктің тарихы 2011 жылдан бастау алады. Жұбайлар жаңа сатылған пәтер ақшасына шағын бизнес ашуға бел буады. Бастапқыда бұл тоқыма өнімдерін сататын дүкен болады. Бұл салада қала бойынша бәсекелік тым жоғары еді. Сондықтан кәсіпкерлер Ресейде өндірілетін сапалы тоқыма өнімдерін ғана сатумен айналысты.

Уақыт өте келе дүкенде сатылып жатқан тауар аталымын көбейту үшін ерлі-зайыпты жергілікті тоқыма сататын барлық дүкендерді аралады. Салада әжептәуір уақыт жүмыс істеген кәсіпкерлер сапалы өнімді бірден танитын болды. Киімнің тігісі, пішіні, матасы сынды бөлшектері сыналатын болған. Осылайша олар киім тігуге бет бұрады.

Тігін цехын ашу қажеттілігі ресейлік тауардың үнемі қымбаттауы саладрынан арта берді. Тіпті бір уақытта кәсіпкерлер не арзан сататын жеткізуші табуға, не киім түгуді қолға алу қажет екенін түсінеді. Бүгінде тігін кәсіпорны жақсы жұмыс істеп келеді. Бұл жерде өндірілетін өнім сертификатталған. Тігін шеберлері жұмысы  кез келген тұтынушының көңілінен шығады.

 Тігін кәсіпорны жаңа туған, әсіресе мерзімінен ерте туған нәрестелерге де киім тігеді. Өтйкені салмағы аз балапандарға нарықта киім табу қиын. Киім үлгілері 16-мөлшерден басталады, бұл 1 келі тартатын сәбилердің мөлшері. Сонымен қатар тігін цехы арнайы тапсырыспен де жұмыс істейді.

 Биыл кәсіпорын алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатыспақ. Кәсіп иесі Анастасия Барттың айтуынша байқауға қатысу – тауарды өткізу нарығын кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыруға жол ашады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер