«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үздік өндірушілерге берілген жолдама

2017 жылғы 15 Маусым
- Павлодар облысы
5814 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары–2017» өңірлік көрме-байқауының қорытындысы шығарылды

Байқауға 35 өндіруші қатысты. Көрмеге қымыз, йогурт, тұшпарадан бастап, құбыр, терезе торына дейін қойылды.

Мысалы, көрмеге келген қонақтар бүлдіршіндерге киім тігетін «Три Кота Ж» ЖШС өнімдеріне зор қызығушылық танытты.

Ауыл кәсіпкерлері де сырт қалмады. Успен ауданының тұрғыны Людмила Чистова балаларға киім тігумен айналысады, ал Шарбақты ауданының тұрғыны Галина Воронкова киізден бұйым жасайды.

«Еуразиялық энергетикалық корпорация» өнеркәсіп алыбы байқауға фракциялық көмірді жеткізді. Сонымен қатар, «Best Milk» ЖШС сүзбе қоспасы мен балқытылған ірімшікті таныстырды. Қонақтар, «Молком Павлодар» ЖШС шырынды сусыны жоғары бағаға ие болды. Құрамында «В» тобының дәрумендері бар сусын сергітеді, шөлді басады.

Облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко өңірде шығарылған тауарларға жоғары баға беріп, елімізде ғана емес, шет елде де сұранысы жоғары болатынына сенім білдірді. «Қазақстанның үздік тауары» байқауы кәсіпкерлерге өзін танытуға, өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Үздік тауарөндірушілер өңір абыройын республикалық байқауда қорғайтын болады.

Сарапшылық комиссия көрсетілген өнімдерге баға беріп, әрбір аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымын полиэтилен және алдын ала изоляцияланған пенополиуретан құбырын, сондай-ақ оларға оралған бұйымдарды шығаруға маманданған «Arinvest» ЖШС иеленді.

Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының 2-дәрежесін «Павлодар құбыр илемдеу зауыты» ЖШС алды, ол болаттан жігі тік құбыр жасайды.Бұл аталымның үшінші дәрежесі дәнекерлеуші электрод шығаратын «Павлодар электродты зауыты» ЖШС-ына берілді.

Ал «ҚазПрофБезопасность» кәсіпорны «Тұрғындарға арналған үздік тауар» аталымының жеңімпазы атанды. Бұл компания арнайы киімдер, аяқ киімдер мен мектеп формасын тігумен айналысады. Дәл осы аталымның 2-дәрежесі медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын, сондай-ақ балалар киімін тігумен айналысатын «Мерусар и К» ЖШС берілді. «Тұрғындарға арналған үздік тауар» аталымының 3-орнын полиграфиялық, жарнамалық өнімдер мен кәдесый дайындайтын «Пархоменко А.В.» жеке кәсіпкерлігі иеленді.

Көрме-байқауының «Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша 1-орынды сүт өнімін шығаратын «МолКом-Павлодар» ЖШС алды, ал 2-орында табиғи йогурт, балқытылған ірімшік мен сүзбе қоспасы өнімдерін таныстырған «Best Milk» компаниясын, 3-орын – жартылай фабрикатты өнім дайындайтын «Шияновский П.Н.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі болды.

Мұнымен қоса, байқауда Павлодар облысы Іскер әйелдер кеңесі бекіткен «Іскер әйел» арнайы аталымы «ВИЛЮР ТЭКС», «Салауат» және Алиакпарова М.Ж. жеке кәссіпкерліктеріне берілді.

Өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары Астанада өтетін республикалық байқауда облыс атынан қатысады. Астанадағы қорытынды байқау Экспо–2017 халықаралық көрмесі қарсаңында ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер