«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл тұрғындарының жаңа мүмкіндігі

2017 жылғы 21 Тамыз
- Павлодар облысы
4996 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы «Жаңа мүмкіндіктер» акциясын жүзеге асыруды басталды

Өңірлік палатаның қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі бөлімінің сарапшысы Асылбек Әріпов бұл акцияның мақсаты кәсіпкерлік қызметке көрсетілетін мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік саласында көрсетілетін қызметтер туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді алу мен оның сапасын көтеру екенін түсіндірді.

Бұл акция аясында 2017 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін Павлодар облысының ауылдық жерлеріне іс-сапар ұйымдастырылып, тұрғындармен кездесу өтті.

Ең бірінші сапар Май ауданынан басталды. Мемлекеттік мекеме, прокуратура, қаржы институттарының өкілдері ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында бірнеше өзекті мәселелерді анықтады. Тәжірибеде қордаланған дүние көп.

Мысалы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы заң бөлімінің сарапшысы Сейфолла Қасымқанов «Жырық Достық» ӘКК қатысушысы Қапура Ахмедиева жер теліміне сәйкестендіру құжатын дайындау мерзіміне қатысты мәселені көтергенін хабарлады.

«Самир» ШҚ өкілі ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялаудан бас тарту мәселесін көтерді.

Биылғы жылдың басында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаны дайындаудың негізіне ауыл шаруашылығын қалыптастыруды және қайта өңдеу кәсіпорындарына мемлекеттік қолдауды жетілдіру қажеттілігі алынды.

Жаңа бағдарлама қабылданғаннан кейін агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласындағы несиелеу мен субсидиялау ережесі де өзгерді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласындағы өндірушілердің басын қосып, қаржы институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен жүздестіру қажеттілігі туындады. Екі жақ сұрақ-жауап арқылы енгізіліген жаңалықтар түсіндірілді.

«Ауыл-аймақтағы шаруаларға дамыту институттары мен екінші деңгейлі банктердегі қолдау құралдары жайында ақпарат уақытылы жетпейді. Қаладағы кәсіпкерлер ақпаратты тез алатыны жасырын емес. Ал облыс орталықтарынан шалғай орналасқан ауылдағы кәсікерлер ақпарат жете бермейді. Сондықтан, біздің мақсатымыз ауыл кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға барынша көмектесу», – деп атап өтті Асылбек Әріпов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер