«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл тұрғындары мүмкіндікті қалт жібермейді

2017 жылғы 19 Қыркүйек
- Павлодар облысы
5888 просмотров

Железин ауданында он ауылдық 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы атанып, 51 миллион теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Железин аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Талғат Қожамжаровтың айтуынша, аталған бағдарлама осы жылы шықты.

Бағыттың бірі – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізін оқытуды қарастыратын жаппай кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерліктің өзіндік бастамасын қолдау және микронесиелеу.

Талғат Қожамжаровтың айтуынша аз уақыттың ішінде осы бағдарлама өз нәтижесін беруде. Мысалы, Железин ауданы бойынша он ауылдық бағдарлама қатысушы атанды. Жетеуі өз ісін бастады, үш кәсіпкер өз бизнестерін кеңейтті.

Көп жобалар ауылшаруашылық жануарларды бордақылау және өсіру мақсатында сатып алумен байланысты, сонымен қатар техника сатып алу, кіші құс фермасын ашуды атап өтуге болады.

Алакөл ауылының жас тұрғыны жеңілдік қаржыландыруды алып өз ісін ашты, 750 және 900 бас сәйкесінше қаз және үйрек алып жаңа жылда облыс тұрғындарын сапалы құс етімен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Кәсіпкердің ойынша өткізуде келелі мәселе туындамайтын болады.

Талғат Қожамжаровтың айтуынша, осы бағдарламаны іске асыруда қатысушыларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан, сондай кәсіпкерлер палатасы филиалынан жан-жақты көмек көрсетілді.

Палата филиалында бизнес жоспар құруда көмек көрсетіліп, кепілдік мүлік құжаттары сәйкеске келтірілді. Сонымен қатар «Бизнес-Кеңесші» жоспары бойынша кәсіпкерліктің негіздері оқытылып, жоспарды іске асыруда басқа да мәселелер шешілді.

Палатаның көмегі несие алумен ғана шектелмейді, келесіде қаржыландыру емес көмек көрсету аясында кәсіпкерлер тегін кеңеске, сондай-ақ салықтық есепті дайындау және құру қызметіне ие бола алады.

«Бүгінгі таңда аудан үшін тұрғындарға қызмет көрсетумен байланысты жобалар өзекті, кіші өндіруші цехтары және басқа да, соның ішінде инновациялық технологияларды қолдану және енгізумен байланысты жобалар. Железин ауданының палата филиалы әр ықылас білдірушілерге қолдау және көмек көрсетуге дайын», ­­– деп түйіндеді Талғат Қожамжаров.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер