«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фермерлерге арналған мектеп: Оқыту дамытуды ынталандырады

2017 жылғы 28 Қыркүйек
- Павлодар облысы
1922 просмотров

Өңірімізде Агроқұзыреттер Орталығымен ұйымдастырылған ауыл шаруашылық өндірушілеріне арналған оқытатын семинарлар кезеңі өтті

  Фермерлер семинарлар туралы өз әсерлерімен, сондай-ақ алған білімдерін қалай қолданатындығы жөнінде бөлісті. «Ар-Даулет» ШҚ Басшысы Баттал Арман мал шаруашылығымен бірнеше жылдан бері айналысып келетіндігін айтты. 2016 жылы фермер «Қайрат» шаруа қожалығының базасында өткен семинарға қатысты.

 «Мен өзіме көптеген пайдалы ақпараттарды алған семинардан үлкен әсерде болдым. Ең бастысы, мен фермерлік шаруашылықтарды дамытуда ғылыми жетістіктердің зор маңызының бар екендігін түсіндім. Сондықтан, әрине, фермерге ғылыммен серіктес болу керек» - деп Баттал Арман өз әсерлерімен бөлісті.

 Жаңа білімдерді игерген ауылдық адам мал шаруашылығымен қатар бақша және көкөністік мәдениет өсіруді мақсат етіп қойды. Оған қоса, алдында жоспарда малдар үшін азық базасын жасау болған. Биылғы жылы Баттал Арман өз ойын іске асыра бастады. Ол 5 га алаңға бақшаның сыналатын топтамасын отырғызды. Фермердің айтуынша алғашқы нәтиже қуантты. Келер жылы егін алаңын 30 га-ға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл ретте, астық өнімділігін жақсарту үшін өзіне ғылымға жетуді енгізуді жалғастыруға ниетті. Ол үшін Агроқұзыреттер Орталығының сарапшысын шақыртуды жоспарлауда.

Өз кезегінде «Сергей» ШҚ Басшысы Виктор Рямбов қазіргі уақытта сүтті-тауарлы ферма ашуды дайындап отырғандығын, сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал сатып алып жатқандығын айтты. Сондықтан семинарда алған барлық ақпарат айтарлықтай уақытылы болып шықты.

 «Оқыту кезінде өз бизнесті жүргізуді енгізу бойынша мол тәжірибе мен білімдер алдық. Осында біз сүтті бағыттағы бұзауларды өсіру бойынша, сиырларды асыраудың және сауудың түрлі тәсілдерінде сүт өндірудің тиімділігі жөнінде көптеген жаңалықтармен таныстық» - деп Виктор Рямбов атап өтті.

  Сонымен қатар, тағы бір павлодарлық фермер «Ивченко» ФҚ Басшысы алған білімдерін өндірісте қолдана бастады.

«Мен «Азықтарды даярлау және жедел бордақылау технологиясы» тақырыбындағы семинарға қатыстым. Биылғы жылы біз өзіміздің бордақылау алаңшамызда жаңалықты енгізе бастап кеттік, нәтижелері оңды. Семинарлардың барлық қатысушыларына өнімді жұмыс тілегім келеді» - дейді Федор Ивченко.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімінің бастығы Жомарт Сембаев 2016 жылы ҚР «Атамекен» ҰКП агроқұзыреттер Орталығымен ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін оқытатын семинарлар кезеңі басталғандығын айтып өтті. Сарапшылар тыңдаушыларды ауыл шаруашылығы өндірісіндегі үздік отандық әрі шетелдік жетістіктерімен таныстырады.

«Оқыту семинарларының негізгі міндеті агроөнеркәсіптік кешенге жаңа технологияларды енгізу. Мысалы, 2016 жылы тыңдаушылардың пікірлері бойынша ауылдық адамдарға өте пайдалы болған 14 семинарлар өткізілген болатын. Биылғы жылы біз бес бағыт бойынша оқытулар өткіздік. Онда фермерлердің өздері ұсынған тақырыптар қарастырылды. Мал шаруашылыеғы мен өсімдік шаруашылығының дәстүрлі тақырыптарына біз ара өсірушілік, құс өсссірушілікті және ауыл шаруашылық кооперациялар негіздерін қостық» - деп  Ж.Сембаев атап өтті.

Фермерлер үшін жақсы тіреу семинарлардың тегін өткізілуі болып табылады, олардың нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі. Бұл ретте, семинар міндеттеі түрде өзіне теориялық және іс жүзіндегі бөлікті қосады. Онда озық қожалықтарда фермерлер бизнесті жүргізудің инновациялық әдістеріне үйренеді.

  «Біздің негізді міндет жан жақты фермерлерге өз бизнестерін дамытуға көмек көрсету, сондықтан біз қожалықтардың басшылары мен мамандарының біліктіліктерін артырып, мал шаруашылығын дамытудың заманауи технологиясын іс жүзінде қолдануға оқытуымыз қажет. Қазірдің өзінде семинарлардың оңды тиімділіктері бар. Көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілері алған білімдерін енгізуді бастап кетті, оқыту өндірістің дамуын ынталандырады» - дейді Ж.Сембаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер