«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бастау Бизнес: Павлодар ауданының 37 білім алушысы бизнес-идеяларын жүзеге асырды

2017 жылғы 18 Қазан
- Павлодар облысы
7442 просмотров

Бесінші лекті аяқтағандар жобаларын таныстырды

Кәсіпкерлер палатасы Павлодар аудандық филиалының директоры Әнуар Қалышбеков бағдарлама басталғалы бері жаңа бизнес идеялары бар жас кәсіпкерлер армандарын шынайы жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты.

90 білім алушы бизнес-жобаларын сәтті қорғап, 37 ауыл тұрғыны 138 млн теңге сомасында қаржыландыруға қол жеткізді.

Әнуар Қалышбековтың айтуынша, жас кәсіпкерлер жоғары технологиялық стартаптарды қолға алуға ұмтылады. Мысалы тамыз айында білім алған Розовка ауылының тұрғыны Денис Ильков қолға алған робот техникасы үйірмесін айтуға болады.

Жас кәсіпкерлер алдыңғы буынның бастаған ісін жалғастырып, ауыл шаруашылығымен айналысуды жөн санайды. Павлодар ауданы Заңғар ауылының тұрғыны Дүйсебек Артықбаев осы саланы таңдады.

Ол «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнес-жоспар дайындап, сәтті қорғап шықты. Бүгінде Дүйсебек Артықбаев жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі бар несие алып, идеясын жүзеге асыруға кірісті.Жас екеніне қарамастан ірі қара малын өсірудің қыр-сырын меңгерген.

Дүйсебек Артықбаевтың айтуынша талмай еңбек ету арқылы үлкен жетістікке жетуге болады, мал өсіру – күн сайынғы тынбай еңбектену мен асқан жауапкершілік екені белгілі.

«Мал шаруашылығында бизнес дамыту үшін іс жүргізуге қатысты білім болу керек, сондай-ақ мемлекеттік қолдауы да ауыл тұрғындары үшін маңызды», - дейді кәсіпкер.

«Бастау Бизнес» жобасының тағы бір қатысушысы өткен аптада ғана бизнес-жоспарын қорғады. Анастасия Бүйсекова Павлодар ауданының Чернорецк ауылында сұлулық салонын ашпақ ниетте.

Жас кәсіпкердің айтуынша ауылдық жерлерде арнайы салондар жоқтың қасы, сондықтан шаштараз бен басқа да мамандардың қызметін пайдалану үшін облыс орталығына қатынауға мәжбүр.

Анастасияның өзі бірнеше жылдан бері маникюр, шаштараздық қызмет пен кірпік өсіру саласында айналысады. Сондықтан бизнес жүргізуге қатысты тың білім кәсіп бастауға сеп болып, табысын ұлғайтатынына сенімді.

Бүгінде Анастасия сұлулық индустриясының жаңа бағытында білім алып, біліктілік шыңдауға кіріскен. Бизнес-жоспарын сәтті қорғаған ол арманының орныдалуына бір қадам жақын тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер