«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Заңға енгізілген өзгерістер арқылы кәсіпкер айыппұлдан құтылды

2018 жылғы 01 Ақпан
- Павлодар облысы
7222 просмотров

Палата сарапшылары кәсіпкерлерге қатысты заңнамаларды ізгілендіру бойынша жұмыс оң әсер беріп жатқанын айтады

ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Лашын Баймағамбетованың айтуынша Палата сарапшылары келтірілген зиянның аздығы туралы заңнамаға норма енгізу қажеттігі туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Бұл норманың жоқ болуына байланысты адал кәсіпкерлер жасалған құқық бұзуға сай емес үлкен айыппұлдар төлеуге мәжбүр болған.

Осындай жағдайға «Снага-Азия» ЖШС жетекшісі ұрынып, 2017 жылдың желтоқсанында Павлодар бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге төленбей қалған 478 теңге көлеміндегі ҚҚС үшін  45 380 теңге  айыппұл салған.

 Кәсіпкер көмекке Өңірлік палатаға жүгінген.

«ҚҚС есептеу үшін салық салынатын айналым мөлшерін анықтау кезінде кәсіпкер 2017 жылдың 29 қыркүйегінде жұма күні ҚР Ұлттық банкі бойынша ресейлік рубльді 5,85 курспен алады. Осыған байланысты тауар жеткізілімі 1 қазан күні демалыс болып, есептеу үшін ол жұмадағы курсті пайдаланады. Алайда, кейн белгілі болғандай, салық органы талабы бойынша кәсіпкер ҚҚС-ті есептеу үшін демалыс күндердегі курсты пайдаоану керек болған, яғни 5,90 теңге. Соның нәтижесінде 478 теңге көлемінде айырмашылық пайда болған», – деді Лашын Баймағамбетова.

Орын алған айырмашылықты кәсіпкер салық органынан ескертпе алған бойы төлейді. Дегенмен мемлекеттік орган айыппұлды тағайындайды.

Палата сарапшылары салынған айыппұлдың ЖШС-ның 478 теңге ҚҚС сомасын төлемеу әрекетіне лайық емес.

Нақты факт бойынша айыппұл көлемі берілмей қалған сомадан 100 есе асып тұр. Яғни құқық бұзу әкімшілік айыппұл сипатына сәйкес келмейді.

«Бұл мәселе бірнеше рет Палатада көтерілгені арқасында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне желтоқсан айында құқық бұзудың шағын болуы нормалары енгізілді. Бұл істің материалдарынан байқалып тұрғандай кәсіпкер әрекетінде теріс ниет болмаған. Сондықтан мұнда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  5-бабына сәйкес Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзге түрде жақсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаған құқық бұзушылыққа қолданылады.Осы жағдай кәсіпкерге тағылған айппұлдарды алып тастауға себеп болды», – деді Лашын Баймағамбетова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер