Павлодарда сәндік-қолданбалы өнердің шебері жеке кәсібін дамытып отыр
Оның әр жұмысы қайталанбас туынды дерлік. Ескіліктің нышандары заманауи үлгімен астасып, көз тартарлық әдемілікке ұласады, туған жерге деген сүйіспеншілікке толы
Алтын Атеева «Бизнес кеңесші» курсына нақты бизнес-идеясымен келді. Ол – батик шебері. Қазіргі таңда өзін өзі дамытуға әрі табыс табуға мүмкіндік беретін бизнесін қайта түрлендіргісі келеді.
Алтын бала кезінен шығармашылыққа әуес. Өнер мектебін аяқтаған. Мамандық таңдау уақыты келгенде сәулеткерлікті қалады. Университетті бітірген соң, құрастырушы-инженер болып жұмыс істеді. Одан кейін қызмет саласын өзгерткісі келіп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академясының қолданбалы өнер және дизайн мамандығына түсті.
Өнер академиясында оқып жүргенде батикпен айналысуға қызығушылығы оянған.
«Біз көп пәнді оқыдық, бірақ дәл осы батик ерекше ұнады. Матаға сурет салумен әуестенгенім сонша, онымен тереңдей айналыса бастадым. Малайзия батиктің отаны саналады, сонда білім алдым», – деп ой бөлісті Алтын Атеева.
Жас маман шеберлігін шыңдап, өз ісінде айтарлықтай жетістікке жетті. Алтын Атеева – ҚР Суретшілер одағының мүшесі және Оңтүстік Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі.
Шеберліктің жоғары дәрежесі мен суретшінің дарыны сурет және сәндік қолданбалы өнерге арналған көптеген халықаралық және республикалық көрме-байқауларда дәлелденді. 2017 жылы Қазақстанды Біріккен Араб Әмірліктерінде танытты, сондай-ақ облыс атынан EXPO көрмесіне қатысты.
Суретші бірнеше тақырыпты жұмыс сериясын шығарды: «Жібек жолы», «Бір шаңырақ астына», «Абай шығармаларының сарынымен» «Шығыстың әмірші ханымы», «Ғасырды түгендеу».
Шебердің түсіндіруінше, батик – түрлі техника мен тәсілді қолдана отырып матаға сурет салу. Ол Азияның Оңтүстік-шығысында пайда болған. Қазіргі таңда кең танымал. Тек қытайдың таза жібек матасы қолданылады. Дәл осы материал суретті бар тереңдігін жеткізеді, түсті сақтайды, ұзақ уақыт пайдалануға жарайды.
Алтын Атееваның айтуынша, матада түрлі тәсіл, техника мен тәсілді пайдалану батикте түрлі сәндік әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.
«Батиктің көптеген техникасында кездейсоқтың қалыптасқан, оның басты көркемдік-айрықша ерекшелігі де осы. Қандайда бір техника жұмысының нәтижесіне қайталанбас әдемі өрнек өзінен өзі шығады», – деді суретші.
Бұл кездейсоқтынтан жұмыстың ерекшеліктері болады, кезекті рет батикке деген қызығушылықты арттырады. Суретшілер тәжірибе жасай отырып өздерінің авторлық техникасын табады, келе-келе өзінің шеберлік қолтаңбасын қалыптастырады.
«Әрбір әйел қайталанбастай болғысы келеді және батик техникасындағы бұйым шексіз қиял-ғажайыпты береді. Бұл техниканың көмегімен бірегей, әдемі бұйым жасауға болады. Әйелдерге арналған орамал, киім, үй заттарын, перде, сәндік панно, суреттер жасауға болады», – деді шебер.
Сондықтан өз ісін дамыту туралы ой келген. Себебі кәсіпкерлік салада тәжірибесі жоқ. Алтын «Бизнес кеңесші» курсын оқып, бизнес-жаттықтырушының көмегімен бизнес-жоспар дайындауды бастады.
«Болашақта осы бағытты жұмыс істей отырып дамытқым келеді. Батик техникасымен қатар кесте, былғары, ағашпен де жұмыс істегім келеді. Ата-бабаның тұрмысы мен мәдениетін түсіргім келеді. Сонымен қатар қазақтың ұлттық бұйымдарын да дайындаймын, атап айтқанда жерге төмейтін, қабірғаға ілетін киіз, сырмақ, текемет, тұскиіз», – деп ой бөлісті шебер.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Ақмарал Сайтқұлованың айтуынша Алтын Атеева жобасының келешегі бар.
«Оның әрбір жұмысы бірегей, себебі ол қолөнер негізінде дайындалады. Жұмысына тек табиғи таза мата мен бояу пайдаланады. Мата бояуды өте жақсы меңгере отырып, жеке кәсіп бастауды ойға алған. Бұл жобаның болашағы зор екеніне сенем, себебі қазір қолдан жасалған заттарға сұраныс көп. Біздің өңірде бұл саланың бәсекелесі де жоқ», – деп атап өтті Ақмарал Сайтқұлова.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: