«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-медиатор керек пе? Палатаға келіңіз...

2018 жылғы 02 Наурыз
- Павлодар облысы
8107 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Медиатор бұрышы» ашылды

Павлодар облысының кәсіпкерлері бизнестің даулы мәселелерін Кәсіпкерлер палатасындағы кәсіби медиатордың көмегімен шеше алады.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыстық соты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында Павлодар облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» ҚММ қолдауымен «Медиатор бұрышы» ашылды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов медиация бизнесмендер арасындағы даулы жағдайларды реттеудің ықпалды тәсілі екенін атап өтті.

«Медиацияның бизнесте бірқатар артықшылығы бар. Кәсіпкерлер даулы мәселенің ашық айтылғанын қаламайтын кездер де болады. Бұған бизнестегі абырой-беделдің айрықша маңызға ие екені әсер етеді. Сот тергеу ісі де бизнеске кері әсер етуі мүмкін. Медиация құпиялылықты сақтауға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса бұл уақыт пен қаражатты үнемдейді», - дейді Серік Байсейітов.

Судья Петр Афанасиади «Медиатор бұрышының ашылуы» Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасында заңның үстемділігі қағидасын қамтамасыз ету, бизнес ахуалды жақсарту, коммерциялық ақпараттық құпиялылығын сақтауғ бизнес серіктестер арасындағы іскерлік қатынасты нығайту секілді қойылған міндетті жүзеге асыруға ықпал етеді және шаруашылық жүргізетін субъектілер арасында дауды шешудің соттан тыс тәсілі ретінде медиацияны дамытуға бағытталған.

2017 жылдың өзінде Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында заңды тұлғалар арасындағы дау бойынша 158 іс татуластырумен аяқталған, бұл бизнес субъектілерінің дауды шешу үшін татуластыру процедурасы институтын қолдануға дайын екенін көрсетеді.

«Кәсіпкерлер палатасында «Медиатор бұрышын» ашу әрбір кәсіпкерге және заңды тұлғаның өкіліне медиация туралы түсіндіруге мүмкіндік береді, бұл бизнес саласында дауды сотқа дейін медиация процедура аясында реттеуге бағытталған», ­- деді «Қоғамдық келісім» ҚММ медиация орталығынң басшысы Ольга Николашина.

Өңірлік палатаның директоры Серік Байсейітов кәсіби медиаторлардың Палата алаңындағы жұмысы жемісті болатынына сенімділік танытты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер